Қазақстандағы түлектердің жетістіктерін атап өту
Көрнекті адамдар Ұлыбританияда халықаралық дәрежедегі алған білімдерінің жемісін өмір бойы көреді. Alumni Awards сыйлықақысы Ұлыбританияда жоғары білім алған түлектердің таңдаған саласына тигізген әсері мен оның Ұлыбританияда оқуына қалай әсер ететіні мәлім.
Британдық Кеңес оныншы жыл қатарынан дүние жүзіндегі Ұлыбританияның халықаралық түлектеріне жоғары жетістіктері үшін беделді сыйлығын табыстап келеді.
Study UK Alumni Award жеңімпаздары мен финалистері қоғамға, индустрияға және елге оң үлес қосу үшін Ұлыбритания университетінде оқу тәжірибесін пайдаланған өз салаларындағы көшбасшылар болып табылады. Study UK Alumni Awards сыйлықақысы Ұлыбританияның жоғары білімінің әсері мен құндылығын атап өтеді және Ұлыбритания түлектері мен олардың бұрынғы университеттерінің халықаралық беделін арттырады.
Сыйлықақысына қазіргі таңда Ұлыбританиядан тыс кез келген елде тұратын, сондай-ақ соңғы 15 жыл ішінде (яғни 2008-2023 жылдар арасы) Ұлыбританияның жоғары оқу орнынан немесе одан жоғары дәрежеде танылған дипломын алған (Дәреже деңгейі Ұлыбританияның ENIC шеңберінде 9 және одан жоғары деп анықталады) Ұлыбританиядағы британдық университетте немесе Ұлыбритания трансұлттық білім берудің бөлігі ретінде танылған өз еліндегі жоғары оқу орнында оқыған (мысалы, қос диплом) түлектер қатыса алады.
Сыйлықақының төрт санатын ұсынамыз:
“Ғылым және тұрақты даму” санаты ғылым және тұрақты даму әлеміндегі мансабында және жетістіктерінде ерекше көзге түскен өз жетістіктерінің кәсіпте және одан тыс салаларда әсері мен ауқымын көрсете алатын түлектеріне беріледі.
- Қызмет бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: климаттық әрекет, таза энергия, медицина, тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, машина жасау, өнеркәсіп және құрылыс.
“Мәдениет және шығармашылық” санаты өнер мен мәдениет мансаптарында және жетістіктерімен ерекшеленген, өзінің көркемдік тапқырлығын, әсерлілігі мен шығармашылығын көрсете алатын түлектерді бағалайды.
- Қызмет салаларына келесілер кіруі мүмкін: өнер, дизайн, медиа, бейне, теледидар, музыка, блогерлер, ютуберлер, влоггерлер және гуманитарлық ғылымдар өкілдері.
“Әлеуметтік қызмет” санаты оң әлеуметтік өзгерістер жасауға және басқалардың өмірін жақсартуға айрықша үлес қосқан түлектерге беріледі.
- Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: теңсіздікті, сондай-ақ кедейлік пен аштықты азайту, білім және кәсіби даму, бейбітшілік пен әділдік.
“Бизнес және инновациялар” санаты инновациялық немесе креативті жаңа идеяларға, шешімдерге немесе одан әрі өсу әлеуеті бар бизнес мүмкіндіктеріне белсенді түрде кірісетін және үлес қосатын түлектер беріледі.
- Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: кәсіпкерлік, бизнес, технология және қаржы.
Сіз Ұлыбританияда оқып, ерекше жетістікке жеттіңіз бе? Егер солай болса, сыйақыны алу үшін 2023 жылдың 22 қазан айына дейін санаттардың біреуіне өтініш беріңіз.
Мінсіз өтінімді қалай жіберуге болады? Study UK Alumni Awards веб-сайтындағы басты кеңестерімізге назар аударуыңызды сұраймыз.
Alumni Awards беделді сыйлықақыны алудың кейбір артықшылықтары:
- жаһандық медиа саласындағы халықаралық профиліңізді көтеріңіз
- желілік және іскерлік байланыстарды кеңейтіңіз
- Ұлыбританияға кәсіби нетворкинг сапарды ұтып алыңыз
Маңызды күндер
1 қыркүйек 2023 | Өтінімдерді қабылдауды бастау |
22 қазан 2023 | мерзімінің аяқталуы (Ұлыбритания уақыты бойынша түнгі 16.00 -ға дейін) |
Қазан - қараша 2023 | Өтінімдерді сұрыптау |
Желтоқсан 2023 - қантар 2024 | Қазақстанның финалистер тізімін жариялау |
Қаңтар 2024 | Қазақстандағы ұлттық жеңімпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі |
Сәуір - тамыз 2024 | Әлемдік финалистерді жариялау және онлайн режимінде марапаттау |
Қыркүйек 2024 | Жаһандық жеңімпаздарды жариялау |
(Келісім бойынша) | Төрт жаһандық жеңімпаз Ұлыбританияға кәсіби даму және Ұлыбритания университеттеріне сапармен бару үшін аттанады |
Өтінімдер 2023 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың 22 қазан айына дейін қабылданады. Барлық жарамды үміткерлер жаһандық Түлектер сыйлығына ұсынылатын болады.
Жаһандық Түлектер марапаттарының финалистері мен жеңімпаздары 2024 жылы жарияланады және олардың табыс тарихы онлайн науқанда көрсетіледі.
Толық ақпарат келесі сілтемеде көрсетілген https://study-uk.britishcouncil.org/after-your-studies/alumni-awards
Өтінім беру процесі туралы вебинарлар.
Біздің вебинарларымыздың біріне тіркеліңіз, өтінім беру процесін, анықтама мен кеңестерді қайдан табуға болатынын көрсетеміз.