Курстың негізгі тақырыптары – тіл дегеніміз не және біз жаңа тілді түсінуді қалай үйренеміз; басқа тілді үйренудің оңай жағы қандай және қиын жағы қандай; басқа тілдерді қалайша жақсы оқытқан дұрыс.
Саутгемптон университеті мен British Council әзірлеген осы курсты өткен жылы әлемнің түрлі елдерінде 120 000 адам оқып шықты.
Курс төрт аптаға шақталған. Осы уақыт ішінде сіз тілдерді зерттеу және оқыту мен үйрену тәжірибесі саласындағы кейбір ең жаңа идеялар туралы білесіз.
Сіз мыналар туралы біле аласыз:
- екінші тілді үйрену және тілді үйрену деген нені білдіреді;
- тіл сыныптары және сабақ беру тілді үйренуге қалай әсер етеді;
- тілдерді оқытуда технологияларды пайдалану, олардың артықшылықтары және соған байланысты міндеттер.