Future English онлайн мұғалімдер қауымдастығы  - бұл біздің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған жаңа онлайн платформамыз. Онда мұғалімдерге жаңа идеялар мен өзекті тақырыптарды талқылауға қатыса алатын, білім және тәжірибелерімен бөлісетін, өз жұмысын саралауға және зерттеу  жұмыстарына қатыса алатын форум ұсынылады. 

Платформаға ашық түрде тіркеледі. Бұл дегеніміз, кез-келген мұғалім тіркеліп, аккаунт жасай алады және өз елді-мекенінің мұғалімдерімен өтетін іс-шараларға және жалпы платформа арқылы өтетін іс -шараларға қатыса алады. 

Платформада тіркелгеннен кейін мұғалімдер келесі іс-шараларға қатыса алады:

  • ELT сарапшылары бастаған (Британдық кеңестің тренерлері, Ұлыбританиядан, сіздің еліңіз және т.б. жерледен шақырылған спикерлер)  модераторлық   форумдық пікірталастар (форумдағы талқылауға арналған тақырыптар мұғалімдердің қажеттіліктеріне сәйкес таңдалады және бұл негізгі тақырыптар мен мәселелер бойынша әзірленген  бағдарламаның бөлігі болып табылады);
  • вебинарлар, тікелей эфирде өтетін онлайн сабақтар мен пікірталастар;
  • Жеке электрондық портфолионы әзірлеу;
  • Егер сіз интерактивті курстан өтіп, өз тәжірибеңізге сүйене отырып зерттеу жүргізсеңіз, практикалық зерттеу жасауға мүмкіндік (қазіргі уақытта бұл мүмкіндікті жетілдіруде. 2021 жылдың басында іске қосу жоспарланған).

 Мұғалімдер әр түрлі деңгейде өзара әрекеттесе алады:

  • Үнемі жүздесе отырып және платформаны үнемі  байланыста болу үшін  пайдаланатын жергілікті мұғалімдердің шағын топтары. Сонымен қатар, платформаны ауылдық, шалғай аудандарда немесе оқшауланған қоғамдастықта орналасқан және бетпе-бет кездесуге мүмкіндіктері жоқ мұғалімдер қолдана алады. Бұл жағдайда  платформаны виртуалды топ құру үшін пайдаланады.
  • Мұғалімдерді қызықтыратын мәселелерді талқылауға арналған форумдар мен вебинарларға қатысу арқылы өз еліңіздің басқа топтарымен және басқа мұғалімдермен байланыс орнатыңыз.
  • Мұғалімдер қызығушылық, тәжірибе және сыныптағы нақты жағдайға байланысты тақырыптарды талқылайтын екі апталық тұрақты вебинарларға және қызығушылық топтарына қатысу арқылы басқа елдердің мұғалімдерімен кеңірек алаңда байланыс орнатыңыз.