Date
Бейсенбі 14 Ақпан 2019
Location
Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі

2019 жылдың 15-16 ақпанында сағат 10:30-да «Шағала» қонақ үйінде болашақ әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған екі күндік семинар өтеді. Білім жобасы Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі (ӘКМ) мен "Шеврон" компаниясы, Британдық Кеңес (British Council) және Атырау қаласы әкімдігінің  «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» серіктестік жобасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Жобаның негізгі мақсаты – болашақ кәсіпкерлерді әлеуметтік бизнес негіздеріне үйрету, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және инновациялық идеяларды қолдау арқылы қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерін шешу.

Семинарда Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын тәжірибелі әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесумен қатар презентациялар, пікірталастар және нетворкингтер ұйымдастырылады. Семинар бағдарламасын жүктеп алыңыз.

Тренерлер:

  • Эмин Аскеров - “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы, "НИКА" Коммуникативтік Дамыту Орталығының лицензиясы бар тренері.
  • Арман Ақбердиев -  "Атамекен" ҰКП бизнес тренері, бизнестегі жаттықтырушылық пен консалтингтікте, FMCG (кең тұтынылатын тауарлар) сату мен маркетинг саласында және PR-да 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. 

Тіркелу

Семинарға барлық әлеуметтік топтар мен әртүрлі жастағы азаматтар қатыса алады және жалпы 40 қатысушы іріктелінеді. Семинарға қатысу үшін, 2019 жылдың 14 ақпанына дейін мына сілтемедегі сауалнамадан өтулеріңізді сұраймыз.