Date
Сәрсенбі 07 Қазан 2015 -
09:00 қа 16:00
Location
Алматы Менеджмент Университеті

Конференцияға тіркеу аяқталды

2015 жылғы 7 қазанда British Council (Британ Кеңесі) «Шеврон» компаниясымен және Алматы менеджмент университетімен бірлесе ұйымдастырған «Әлеуметтік кәсіпкерлік орнықты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі ретінде» атты конференция өткізеді. Конференцияның мақсаты әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамаларын талқылау, тәжірибе алмасу және қатысушылардың озық үлгілерді көрсетуіне және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы инновациялар, үрдістер мен проблемалар туралы пікір алмасуына  мүмкіндік жасау болып табылады.  

Конференцияда Ұлыбританиядан келген Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған мектептің, Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері және әлеуметтік кәсіпкерлер сөз сөйлейді. Қатысушылар ретінде бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ  өкілдері, конференция тақырыбына қызығушылық танытатын белсенді жастар мен әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін ұйымдар және басқалар шақырылады.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік орнықты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі ретінде» атты конференция 2015 жылғы 7 қазанда сағат 09:00-ден 16:00-ға дейін Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі 227 мекенжайында (MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығының жанында) орналасқан Алматы менеджмент университетінің (бұрынғы Халықаралық бизнес академиясы) ғимаратының 4-қабаты, 430-аудиторияда өтеді.  

Спикерлердің толық тізімімен, баяндамалардың және шеберлік сабақтарының/семинарлардың тақырыбымен Сіз осы жерде таныса аласыз.

Іс-шара «Шеврон» компаниясы мен British Council-дың жастарға табысты карьера жасауға қажетті білім мен дағдыларды алып, дамытуға қолдау көрсетуге және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған  «I-SEED Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» әріптестік жобасының шеңберінде өткізіледі.