Date
Сейсенбі 15 Желтоқсан 2015 - 13:35 қа Бейсенбі 01 Қыркүйек 2016 - 13:35
Location
Маңызды ақпарат!

Маңызды ақпарат!

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап емтихандарға төлемдер тек ақшасыз түрде қабылданатын болады. Бұл шара толық ақшасыз төлеу жүйесіне көшуге байланысты, сондықтан қолма-қол ақша төлемі жоғары көрсетілген уақыттан тоқтатылады.

1. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап IELTS емтиханының ақысын төлеудің екі тәсілінің бірін пайдалануға болады:

  • Visa/MasterCard картасының көмегімен онлайн төлеу; 
  • банктік аударым.

Банктік аударым арқылы төлеу үшін:

  • Біздің банктік деректемелерімізді біліп алыңыз:

Наименование организации: Товарищество с ограниченной ответственностью «British Council (Kazakhstan)» («Бритиш Каунсил (Казахстан)»);

Наименование банка: АО «Ситибанк Казахстан»

Расчетный счет: KZ3983201T0200445000

БИК CITIKZKA

БИН 150540016608

КНП 859

КБЕ 17

  • «ТӨЛЕМ МАҚСАТЫ» бөлімінде «IELTS / тегі / қала / емтихан күні», мысалы: «IELTS / Ахметов / Алматы /2016ж.09қаңт.» деп көрсетіңіз. Осы ақпарат болмаса, біз төлемді сіздің жасағаныңызды біле алмаймыз. 
  • Банктік аударым туралы төлем тапсырмасын exams@kz.britishcouncil.org мекенжайына «Тақырып» жолында «IELTS үшін банктік аударым / тіркеу нөмірі / тегі / емтихан өткізілетін орын / емтихан күні» деген ескертпені жазып жіберіңіз. 
  •  Емтиханның ақысын банктік аударым арқылы 5 жұмыс күні ішінде төлеу керек екенін ұмытпаңыз. Егер аталған мерзім ішінде төлем алынбаса, тіркеудің күші жойылады.

2. UKVI және Life Skills емтихандарына тек қана онлайн төлем Visa / MasterCard карточкалары арқылы.

3. Aptis, кәсіби және академиялық емтихандарына тек қана банкаралық ақша аударым арқылы төлеуге болады.

Aptis сынағының ақысын төлеу: 

  • Сынақ өткізілетін күнді (өзіңізге қолайлы кез келген күн) және емтиханның қандай модульдерден құралатынын таңдаңыз. 
  • Тіркеу туралы өтінім пішінін мына электрондық мекенжайға жіберіңіз, бұл орайда үміткерлер санын, емтихан өткізілетін мекенжайды, сынақ күнін және емтиханға қандай модульдерді қосқыңыз келетінін көрсетіңіз. 
  • Біз растау хатын және төлем шотын 5 жұмыс күні ішінде жібереміз. 
  • Төлемді емтихан күнінен бұрын 5 күнтізбелік күн ішінде банктік аударым арқылы жүзеге асыру қажет. 
  • Банктік аударым туралы төлем тапсырмасында емтиханның атауын, сынақтың күнін, өткізілетін орнын және толық аты-жөніңізді көрсетіңіз. 
  • Емтихан тапсыратын күні банктік аударым түбіртегінің көшірмесін көрсетіңіз. 

Қашықтан тапсырылатын емтихандардың (академиялық және кәсіби) ақысын жеке тұлғалардың төлеуі: 

  • Алматыдағы немесе Астанадағы British Council үйымында сынақ тапсыра алатын-алмайтыныңызды біліктілік органынан біліңіз.
  • Тіркеу туралы өтінім пішінін мына электрондық мекенжайға жіберіңіз, бұл орайда сынақ күнін, емтихан басталатын/аяқталатын уақытты, өткізілетін орнын (Алматы/Астана), біліктілік органының атауын көрсетіңіз. 
  • Біз растау хатын және төлем шотын 5 жұмыс күні ішінде жібереміз. 
  • Төлемді емтихан күнінен бұрын 5 күнтізбелік күн ішінде банктік аударым арқылы жүзеге асыру қажет. 
  • Банктік аударым туралы төлем тапсырмасында емтиханның атауын, сынақтың күнін, өткізілетін орнын және толық аты-жөніңізді көрсетіңіз. 
  • Емтихан тапсыратын күні банктік аударым түбіртегінің көшірмесін көрсетіңіз.  

Байланыс деректері

Толығырақ ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз.