Date
Дүйсенбі 13 Мамыр 2019
Location
Атыраудағы Дастан қонақ

13 мамырда сағат 18.00-де Атыраудағы Дастан қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік бар ма?» тақырыбында мастер-класс өтеді. Мастер-классты Impact Hub Almaty Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту орталығы платформасының негізін қалаушы Индира Шах өткізеді.

Мастер-классқа қатысушылар Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік экожүйесімен, өзіміздегі және шетелдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің трендтері және модельдерімен таныса алады, сондай-ақ Impact Hub Almaty негізінде әлеуметтік бизнеске арналған практикалық ұсыныстар ала алады.

Іс-шара I-SEED: Инновациялар - Әлеуметтік кәсіпкерлік және білім жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кіру тегін. Алдын ала тіркелу қажет.