Date
Дүйсенбі 03 July 2017
Location
ӨТІНІШ Берудің соңғы мерзімі

Қазақстандағы British Council (Британдық Кеңес) «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының тренерлерді дайындау тренингін (ТоТ) өткізу бойынша тендерге қатысуға мүдделі тұлғаларды шақырады.  

Өткізілетін жері: Атырау қаласы 
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2017 жылғы 03 шілде 
Тренинг өткізілетін күндер: 2017 жылғы 19-23 тамыз (тренинг өткізілетін күн өзгертілуі мүмкін). 

Жоба туралы қысқаша ақпарат 

Жоба Атырау қаласында тұратын жастарға қолдау көрсетуге, қоғамның алдынан тап болатын әлеуметтік проблемаларды әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы орнықты шешу бойынша машықтарды дамытып, білім алу үшін жағдай жасауға бағытталған. Жоба Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға ықпалдасады. Жоба туралы толық мәліметті осы веб-сайтынан білуге болады. Жобаның шеңберінде Атырау қаласында тренерлерді дайындау тренингі (ТоТ) өткізіледі.   

ТоТ өткізу бойынша қысқа мерзімді қызмет көрсетуге техникалық тапсырма:

Тренерге арналған жұмыстар көлемі:

  1. Тренерлерді дайындау бойынша интербелсенді тренингінің бағдарламасын төмендегі тақырыптар бойынша әзірлеу және өткізу: 
  • 1-блок: Онлайн-коммуникацияларға, питчинг пен презентация өткізу машықтарына көңіл бөлінетін маркетинг (3 күн)  
  • 2-блок: Бизнес жүргізу мен жобаларды басқару үшін қажетті «жұмсақ» машықтарды дамыту (2 күн) 

Мүдделі үміткерлер бір блок (1-блок немесе 2-блок) немесе екі блок (1-2-блоктар) бойынша ТоТ өткізуге өтінім бере алады. 

  1. Қазақ және (немесе) орыс тілдерінде таратылатын материалдарды дайындау. 
  2. Ұлыбританиядан келген тренермен серіктесе отырып жұмыс істеу, атап айтқанда, қамтылатын тақырыптардың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін тренингінің мазмұнын өзара келісу. Ұлыбританиядан келген тренер әлеуметтік кәсіпкерлік және бизнесті жоспарлау бойынша тренинг өткізеді деп топшыланады.
  3. Тренингіні қазақ немесе орыс тілдерінде өткізу, қазақ тілінде сөйлейтін тренерлерге артықшылық берілетін болады.
  4. Өткізілетін тренинг және қатысушылардың тартылуы бойынша есепхатты ТоТ аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде дайындау: тренингінің мақсаттары, алынған нәтижелер, үйренген сабақтар, болашақта осындай іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстамалар, ТоТ қатысушылары бойынша ұсыныстамалар. Есеп беру пішінін ТоТ басталардан бұрын ұйымдастырушылар береді.  
  5. Тренинг өткізу кезінде интербелсенді құралдарды, әдістер мен тәсілдерді пайдалану. 

ТоТ қатысушыларының  болжалды саны – 15. 

ToT нәтижесінде қатысушылар өздерінің тренерлік машықтарын жақсартады, өтілген тақырыптар бойынша білімін тереңдетеді және I-SEED жобасына қатысушылар (Атырау қаласында тұратын 18 – 29 жастағы жас адамдар) үшін сатылы тренингілер өткізе алатын болады. 

Тренерге қойылатын талаптар:

  1. Тренерлерді дайындау бойынша тренингілерді, соның ішінде жоғарыда аталған тақырыптар бойынша тренингілерді әзірлеу мен өткізу тәжірибесі болуы 
  2. Қазақ және орыс тілдерін меңгеруі 
  3. Ұйымдастырушылар белгілеген мерзімдерде Атырауда тренинг өткізуге дайын болуы керек  

Мерзімдері: 

  1. Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша ТоТ өткізу мерзімдері: 2017 жылғы 19-23 тамыз  
  2. Тренинг аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде қазақ немесе орыс тілдерінде есеп беру қажет 

Мүдделі болған жағдайда, өткізу блогын, түйіндемеңізді және тренерлік қызметтер көрсетудің 1 жұмыс күні (8 сағат) үшін болжалды төлемақыны көрсете отырып, ілеспе хатты zhanar.zhaxylykova@kz.britishcouncil.org «ТоТ тренер Атырау» деген белгі қойып, 2017 жылғы 03 шілдеге дейін Астана уақытымен сағат 23:00-ке дейін жолдаңыз.

Ұйымдастырушылардың конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерден осындай жобалардағы жұмыс тәжірибесі туралы ұсыныстамалық хаттар сұратуға құқығы бар. 

Ұйымдастырушылар төмендегі шығындарды өтейді: 

  1. Тұрғылықты жерінен Атырау қаласына дейін ұшақпен барып-қайту сапары 
  2. Әуежайға жеткізу 
  3. Тренинг өткізетін кезеңде Атырау қаласында тұруы 
  4. Тренинг өткізетін кезеңде ұйымдастырушылар белгілеген мөлшерлемелерге сәйкес тамақтануы. 

Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс деректері:

Жанар Жақсылықова