Road to IELTS – British Council әзірлеген, кеңінен қолданылатын онлайн-курс. Онымен сіз IELTS емтиханына ең жоғары деңгейде дайындала аласыз. Road to IELTS курсының материалдары төмендегіні қамтиды:
- Академиялық және жалпы IELTS емтиханына дайындалуға арналған онлайн-ресурстар
- Электрондық кітаптарды пайдалана отырып тыңдау, оқу, жазу және ауызекі тіл машықтарын шыңдауға арналған материалдар
- Бұрынырақ емтихан тапсырған адамдардың ұсыныстары қамтылған бейнежазбалар
- Емтиханда не істеуге болатыны және не істеуге болмайтыны туралы оқытушылардың консультациялары
- Берілген уақыттың ішінде жасалуға тиіс байқау сынақтары
- «Менің нәтижелерім» деген бөлім сіздің өз нәтижелеріңізді бүкіл дүние жүзіндегі басқа студенттердің нәтижелерімен салыстыра алуыңыз үшін жасалған
- «Менің Сұлбам» бөлімі сізге емтиханның болатын күні туралы есіңізге салу үшін жасалған
- Road to IELTS курсының пайдасы неде?
ROAD TO IELTS БІРНЕШЕ СЕБЕПКЕ ОРАЙ ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛЫ БОЛАДЫ:
- Орындалған тапсырмаларға лездік кері байланыс бар, ол сіздің қаншалықты алға басқаныңызды байқауға мүмкіндік береді
- Сіз өз қателеріңізді түсінуіңіз үшін жаттығулардың дұрыс жауаптарын аласыз
- Сіздің нәтижелеріңізді жақсарту бойынша кеңестер мен ұсыныстар беріледі
- IELTS сынағының шынайы тапсырмаларына негізделген жаттығулар шын емтихан кезінде өзіңізді сенімдірек сезінуіңізге көмектеседі
Сіз 10 сағат тегін сабақты қамтитын Road to IELTS материалдарымен дәл қазір танысып шыға аласыз.
IELTS емтиханына тіркелгеннен кейін сіз қалған 20 сағат оқу материалдарына қол жеткізесіз.
Немесе сіз Road to IELTS: Толық нұсқасы сілтемесі арқылы өтіп, онда 120 сағаттан астам интерактивті сабақтарға, Британдық Кеңестің сарапшыларынан емтихан тапсыруға арналған кеңестеріне қол жеткізе аласыз. Сондай-ақ, курстың толық нұсқасында сіз практикалық тесттерді жүктеп алы аласыз. Толығырық ақпарат алу үшін, бізбен хабарласыңыз.