IELTS UKVI деген не? 

Ұлыбританияда жұмыс істеуді немесе оқуды көздесеңіз, Ұлыбритания визасын алуға өтініш беріп, ІІМ мақұлдаған UKVI қызметіне арналған IELTS тесті (Academic және General Training) немесе өмірлік дағдыларға негізделген IELTS тесті сияқты Ағылшын тілін білу деңгейін анықтау тестін (SELT) тапсыру арқылы ағылшын тілін қажетті деңгейде білетініңізді көрсетуіңіз қажет.

IELTS пен IELTS for UKVI тесттерінің форматында айырмашылық бар ма?

IELTS пен IELTS for UKVI тесттерінің форматы, мазмұны, ұпайларды есептеу жүйесі және қиындық деңгейі бойынша бірдей. Алайда, сіздің нәтижелеріңізді қамтитын тестілік есеп формасы біршама өзгеше. Бұл сіздің Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі бекіткен IELTS  for UKVI тесті өтетін ресми мекемеде тапсырғаныңызды растау үшін жасалған.

Қандай тест форматын таңдауым керек?

Егер сіз студент болсаңыз, тестке тапсырыс бермес бұрын университет / колледж / мектебіңізден қандай тест тапсыру керектігін сұрастырып алыңыз.

Егер сіз Tier 4 демеушілік беретін университеттің бакалавриатына немесе магистратурасына тікелей өтініш беру үшін жоғары оқу орнында студенттік визаны (Tier 4) алуға өтініш білдірсеңіз, сіздің нәтижеңіз оқу орны белгілеген ағылшын тілінің деңгейіне сәйкес келуі керек. Ұлыбританияның барлық университеттері мен колледждері IELTS Academic-тің нәтижелерін қабылдайды. Бұл сізге IELTS for UKVI (Academic) тапсырудың қажеті болмауы мүмкін дегенді білдіреді және сіз IELTS Academic нәтижелерін ұсына аласыз.

Егер сіз студент болмасаңыз, тестке тапсырыс бермес бұрын өтініш білдіретін ұйымдардан тесттің қай түрі қажет екенін сұрастырыңыз.

Біз Қазақстанда IELTS for UKVI тестін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қабылдаймыз.

Test

Description

Fee

IELTS for UKVI (Academic)*

Take this test if the university or organisation you are applying to has requested that you take the IELTS for UKVI (Academic) test.

76,800 KZT (Almaty and Nur-Sultan)

IELTS for UKVI (General Training)*

Take this test if you want to migrate to the UK or want to train or study below degree level.

76,800 KZT (Almaty and Nur-Sultan)

IELTS Life Skills A1

Take this test if you need to prove your English Speaking and Listening skills as part of your application to UK Visas and Immigration for 'family of a settled person' visas.

73,450 KZT (Almaty and Nur-Sultan)

IELTS Life Skills B1

Take this test if you need to prove your English Speaking and Listening skills as part of your application to UK Visas and Immigration for indefinite leave to remain or citizenship.

73,450 KZT (Almaty and Nur-Sultan)

Тесттің төлем құнына не кіреді? IELTS тестінің ақысына эксклюзивті дайындық материалдары, тегін практикалық тестілері және т.б. кіреді.

British Council-мен IELTS UKVI тапсырыңыз

UKVI қызметіне арналған IELTS (Academic/General Training) тестері және өмірлік дағдыларға негізделген IELTS тесті UKVI арқылы мақұлданған тест орталықтарында тапсырылады. Британдық Кеңестің әлемнің түкпір-түкпірінде UKVI қызметі мақұлдаған орталықтары бар.

In this section