Passionate about science? FameLab needs you! Apply now!
©

British Council

Өтініштерді қабылдау 11 қаңтар 2020 жылға дейін ашық.

Өтінішті тапсыру алдында қатысушыларға қойылған талаптарға сәйкес екендігіңізді тексеріңіз. Егер талаптарға сай келсеңіз, келесі қарапайым әрекеттерді жасаңыз.

Видеоөтініш туралы ақпарат

ЕРЕЖЕЛЕР:

Видео келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Ұзақтығы 3 минуттан аспауы (жюри тек осы уақыт мерзімдің ішінде берілген мәліметті қабылдайды)
  • Монтаж немесе арнайы эффекттердің пайдалануына тыйым салынған
  • Музыкалық фонның пайдалануына тыйым салынған (музыка Сіздің таңдаған тақырыбыңызға маңызды болған жағдайда ғана ерекшелің жасалады)
  • Басқа адамдардың немесе тым көп реквизиттің кадрға түсуіне тыйым салынған (сахнада реквизитті пайдалану туралы мәліметті алдын ала іріктеу ережелерінен таба аласыз)
  • Сіз ағылшын тілінде сөйлеуіңіз шарт

Біз видеоға түсіру сапасын бағаламаймыз. Бізге тек керегі – Сізді жақсы естіп көру, сол себептен видеоңыздың смартфон немесе камера, т.б. құралдарға түсірілуі мәселе емес. Сонымен қатар біз Сіздің ағылшын тілін де бағаламаймыз: өз ойыңызды анық баяндау жеткілікті!

ӨТІНІШТІ ТАПСЫРУ:

  • Өз видеоңызды YouTube, Vimeo немесе басқа видеохостинг қызметін көрсететін сайтқа жүктеп, берілген сілтемені көшіріп алыңыз. Ескеріңіз: видеоны ашық көрсетілімге қою шарт емес. Видеоны жүктеу алдында құпиялау баптауында hidden (жасырын) немесе private (жеке) опцияларын таңдай аласыз.
  • Онлайн-тіркеуді толтырып тиісті алаңға видеоңызға сілтеуді қондырыңыз
  • Сақтық шарасы ретінде сілтемені келесі электронды поштамен жіберуіңізді сұраймыз: famelab@oyla.xyz, тақырып жолын келесі белгімен белгілеңіз: «2019-20 ж. Қазақстандағы FameLab конкурсына қатысуға видео-өтініш.»

Егер де Сізде сұрақ немесе мәселе пайда болса, біздің келесі электронты пошта арқылы хабарласыңыз: famelab@oyla.xyz.

Келесі не?

Алдын ала іріктеуден өткен жағдайда, сізге ағылшын тілінде өтетiн коммуникациялар саласы туралы мастер-класқа қатысу туралы шақыру жіберіледі. Онда Сіз финалға дейін презентация жасау және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым қатынас туралы дағдыларын үйренесіз. Сіздің видео-өтінішіңіз іріктеуден сәтті өткен жағдайда, Сізге толық мәлімет жіберіледі.