Конкурсқа қатысуға 21-ден 40 жасқа дейінгі, технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика білім салаларында жұмыс атқаратын, немесе білім алып жатқан әр адам қатыса алады. Өтініш жекеменшік және мемлекеттік секторларда жұмыс атқаратын қызметкерлерден қабылданады.

Конкурсқа қатысуға шақырылатындар:

  • Жаратылыстану ғылымдары, инженерия және математика саласындағы дәріскершілер мен зерттеушілер, соған қоса дәл ғылымдарда мамандандырылған ғылыми дәрежесі бар оқытушылар;
  • Математика, инженерлік технологиялар және ғылыми тәсілдерді енгізу саласында жұмыс атқаратын қызметкерлер (мысалы: патенттік мамандар, статистика саласындағы қызметкерлер, өндірісті ұйымдастырушы кеңесшілер);
  • 21 және 40 жас аралығындағы университетте жаратылыстану ғылымдарын, математика және инженерлікті зерттейтін студенттер;
  • жаратылыстану ғылымдарын, математика және инженерлікті зерттейтін қарулы күштер және мемлекеттік мекеме қызметкерлері
  • Өндіріс, немесе бизнесте ғылыми тәсілдерді, математика немесе инженерлікті орнатушы қызметкерлер;

Конкурсқа қатысудан босатылған:

  • әлеумет және ғылым салаларының әрекеттестік саласында кәсіби қызмет атқаратын адамдар, соның ішінде:
  • баспасөз және әлеуметпен байланысқа жауапты қызметкерлер, соның ішінде ғылымға қатысты мекемелер қызметкерлері; 
  • шығармашылық қызметі ғылыммен байланысты өнер қайраткерлері;
  • орындаушылығы ғылым мен инженерияға арналған әтістер;
  • негізінде әлеуметпен жұмыс істейтін ғылыми орталықтардың қызметкерлері;
  • журналист, радио- және тележүргізушілер (олар үшін бұл жұмыс орны негізгі немесе жалғыз орны болған жағдайда);
  • мамандырылмаған оқытушылар;

БІЗБЕН БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ 

Егер сізде конкурсқа қатысу құқығыңыз туралы күмәніңіз болса бізбен байланысыңыз famelab@oyla.xyz .