Жетістікке жету жолдары 

Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Украина және Өзбекстандағы мектеп түлектері жұмысқа орналасқанда немесе жоғары білім алғанда ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен екендігн көрсетеді. Бұл мәселені шешу үшін біздің Future English бағдарламамыз білім беру жүйесінде зерттеу жүргізіп, проблемаларды анықтап, инновацияны дамытуға және осы жеті елдің ағылшын тілі мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. 

Осындай жұмыстар жүргізу арқылы біз жастарға болашақта жұмысқа орналасуға және/немесе оқуын әрі қарай жалғастырып, жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергіміз келеді. 

Үш жылдық бағдарламаның бірінші жылында келесі іс-шараларға бас назар аударамыз: 

Зерттеу жүргізу: Біз 16 жасар оқушылардың ағылшын тілі дағдыларын (олардың мотивациясы, ұмтылыстары мен оқуға деген қызығушылықтарын), ағылшын тілі мұғалімдерінің сыныптық тәжірибелері мен оқыту тәсілдерін, оған  елдегі ағылшын тілі аясындағы саясаттың әсерін жан-жақты талдап, зерттеу жүргіземіз. 

Тіл саясатының форумы: Содан кейін біз зерттеу нәтижелермен бөлісіп, ағылшын тілінің саясаты мен мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған барлық мүмкін болатын шешімдерді қарастырамыз. 

 

Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру: Мұғалімдермен жұмыс жасау және олардың кәсіби дамуын қолдау үшін цифрлық инновацияларды пайдалану бойынша үлкен тәжірибеміз бар. Сондықтан біз мұғалімдердің мүдделес мамандармен байланыса алатын, ресурстарға қол жеткізе алатын және онлайн тәртібінде білім алу тәжірибесіне ие болатын виртуалды оқыту қауымдастығын құрамыз. 

Осы бөлімде