29 ақпанда Атырау қаласында әлеуметтік кәсіпкерлікке арналған I SEED HACKATHON сайысы ұйымдастырылды, онда қатысушылар (студенттер мен жас мамандар) қысқа мерзімде толыққанды стартап бола алатын әлеуметтік және кәсіпкерлік жобалар жасады. I SEED HACKATHON I SEED Atyrau жобасының бөлігі болып табылады. 2013 жылдан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан бастау алған бұл бағдарлама Британдық Кеңес, "Шеврон" корпорациясы және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп іске асырылады. 

2017 жылдан бастап I-SEED жобасы Атырау қаласында «Шеврон» корпорациясының «Атырау қаласының жастарын дамыту бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Жоба Атыраулық жастарға инновациялық және интерактивті оқу бағдарламасын ұсынады. I-SEED жобасы Қазақстандағы әлеуметтік белсенді жастарға қолдау көрсетуге және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен қатар, белсенді жастар арасында Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға ықпал етеді. 

Іс-шара 16-25 жас аралығындағы жас белсенді кәсіпкерлерді біріктірді, олардың қоғамда оң өзгерістерін енгізуге, сонымен бірге өмірлік дағдыларын дамытуға және болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуларына жағдай жасады. Қатысушылар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен, APEC PetroТechnic жоғары колледжінен, Атырау сервис колледжінен, Атырау энергетика және құрылыс колледжінен және де т.б. жоғары оқу орындарынан қатысты. Қазылар алқасының құрамына қаланың табысты кәсіпкерлері мен қалалық білім бөлімінің өкілдері кірді.