Атырау қаласында, 27 ақпанда «I-SEED: Инновация, Әлеуметтік Кәсіпкер және Білім» атты халықаралық оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Networking Event» жиыны өтікізілді.

2013 жылдан бастап Алматы және Нұр-сұлтан қалаларынан бастау алған бұл бағдарлама Британдық Кеңес, "Шеврон" корпорациясы және Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп іске асырылады. 2017 жылдан бастап I-SEED жобасы Атырау қаласында «Шеврон» корпорациясының «Атырау қаласының жастарын дамыту бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Жоба Атыраулық жастарға инновациялық және интерактивті оқу бағдарламасын ұсынады. 

Іс-шараның спикері Айбек Рахым, «Тазалық» қоқыс-қалдықтарды жинау эко-жобасының негізін қалаушы «Экологиялық бизнесті басынан бастап құру» тақырыбымен таныстырды және қоғамда оң өзгерістерін енгізгісі келетін, сондай-ақ өмірлік дағдыларын дамытуға тырысатын жас белсенді кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып, болашақта еңбек нарығында бәсекеге қалай қабілетті бола білу керектігі жайынта өз кеңесін берді.