Әлеуметтік кәсіпкерлік не екенін білесіз бе? Мүмкін сіз өз ісіңізді бастауға немесе табыс көзімен қатар қоғамның дамуына өз үлесіңізді қосу туралы ақпарат алуға қызығушылығыңыз бар шығар?

Қазақстандағы Британдық Кеңес (British Council Kazakhstan) 18-ден 25 жасқа дейінгі жастарды I-SEED Atyrau инновациялық интерактивті онлайн-тренингтеріне қатысуға шақырады.

Тренинг барысында тәжірибелі тәлімгерлер сізге әлеуметтік кәсіпкерлік туралы айтып береді және сізді өз жобаңызды жүзеге асыруға дайындайды. Сонымен қатар, сіз бизнес жоспарлау, қаражат жинау және инвестициялар тарту, маркетинг, презентация жасауға үйреніп, өмірлік дағдылар туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Іс-шара «I-SEED: Инновация, Әлеуметтік Кәсіпкерлік және Білім» халықаралық оқу бағдарламасын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады. Бұл бағдарлама Британдық Кеңес, Шеврон Корпорациясы және Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Онлайн-тренинг қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Онлайн-тренингке тіркелу 2020 жылдың 15 мамырына дейін жалғасады. I-SEED Atyrau онлайн-тренингтеріне қатысу үшін сіз botagoz.kozhakhmetova@kz.britishcouncil.org   электрондық мекен-жайына келесі ақпаратты (аты-жөніңізді және байланыс мәліметтеріңізді) «I-SEED Atyrau Онлайн-Тренингі» тақырыбымен) жіберулеріңіз қажет. Тренинг онлайн режимінде 2020 жылдың 13 сәуірінен бастап өткізіледі.

Тренинг онлайн режимінде 2020 жылдың 13 сәуірінен бастап өткізіледі.

Қандайда бір сұрақтарыңыз туындаса, келесі байланыс телефондары арқылы хабарлассаңыздар болады: +7 777 336 77 95; +7 701 026 42 32.