Біз саясатты әзірлеуге қызығушылығы бар мәдени және креатив индустрияда жұмыс істейтін мамандарға арналған «Креатив экономиканы қолдау» онлайн оқыту бағдарламасына ашық конкурс жариялауға қуаныштымыз. Өтінім қабылдау мерзімі 2022 жылғы 13 маусымда басталып, 2022 жылғы 8 шілде сағат 12.00-де (GMT+1) аяқталады.
Бағдарлама туралы
Креатив экономиканы қолдау: саясат әзірлеушілерге арналған бағдарлама мәдениет және креатив индустрияда жұмыс істейтін сектор мамандарына арналған тоғыз апталық, тереңдетілген, өзін-өзі оқыту онлайн бағдарламасы. Бағдарламаға Албания, Армения, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Косово, Солтүстік Македония, Черногория, Сербия, Түркия, Украина мен Өзбекстан елдерінен қатысушылар қатыса алады. Кәсіпқойлардың саясатты әзірлеу жұмыстарын ақпараттандыруға қажет пікірлер, тақырыптық зерттеулер мен практикалық біліммен қамтамасыз етіп, креатив экономика туралы түсінік қалыптастырады. Бағдарлама қатысушыларға өз қаласында/аймағында/елінде креатив және мәдени индустрияны қолдау үшін жаңа идеялар мен құралдарды, сондай-ақ Ұлыбритания мен халықаралық деңгейде кәсіби байланысты кеңейту мүмкіндігін ұсынады.
Тоғыз аптаға созылатын онлайн бағдарлама 2022 жылғы 25 шілдеден 25 қыркүйек аралығында өтеді және қатысушылар үшін өзара кәсіби байланыс пен трансшекаралық ойлауды қамтитын үш сессия толықтырады. Негізгі мазмұнды және оқу барысын қоса алғанда, әрбір модульді аяқтау екі сағаттан аспайды. Бағдарламаны толық тамамдаған қатысушыларға British Council және Cultural Associates Oxford ұйымдарынан сертификат беріледі. Бағдарламаны мына жерден қараңыз.
Қосымша ақпарат үшін arts.info@britishcouncil.org поштасына хабарласыңыз.