By British Council

28 Желтоқсан 2020 - 11:09

Атыраулық Әйгерім Ілесова көлік апатынан кейін күш тауып, жаңа өмірге бейімделуі керек болды. 2018 жылы  British Council мен Chevron компаниясы ұйымдастырған I-Seed бағдарламасына қатысу шешімін қабылдайды. 2 жылдан кейін Әйгеріммен кездесіп, оқиғасын тыңдадық.   

"Мен инстаграмды қарап отырып I-SEED жобасына тап болдым (ол кезде сенсорлық телефон болғандықтан, телефон экранын жылжыта алатын едім). Содан кейін іс-шараның жарнамасын тауып, өтінішімді бердім. Ақырында, I-Seed жаттықтырушысы Бағлан мені алғашқы жаттығуда қарсы алды. Күн сайын таңертең сағат 9-да бірінші болып сабаққа келемін, білім алуға және жаңа адамдармен танысуға дайын болдым. Барлық жаттығу кезінде інім ертіп жүрді. I-SEED-ке қатысу барысында үйренген жаңа білім мен жаңа достардың болашағы маған тез арада қайта қалпыма келуге үміт берді".

Әйгерім жастармен жұмыс істеп, өз қалауын орындағандарын көру, идеяларын туған қалалары мен қоғам пайдасына асырғанын көру, шабыттандыратынын айтты. 

"Басқа қатысушылардың жетістіктерін көргенде тәртіп пен жақсы ойлаудың маңызын түсіндім. Күнде жақсы көңіл-күймен оянып, тағдыр ұсынған қиындықтарға қарамастан талпындым. Қатысушылар арасында Әлиямен танысып, жақын араласып кеттік. Ол да әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша курстан өтіп жүрді".

Қатысушымыз бағдарламада тәлімгер болған Бағланға алғысын білдірді. 

"Ол менімен жұмыс істеп, мүмкіндігімнің болмауына қатысты ыңғайсыздануымнан құтылуға көмектесті. Оның оң қөзқарасы маған күш берді, әлеуметтік жоба жасаудың барлық кезеңіне өттік. Идея табу, инвесторлар іздеу, бизнес план жасау, тіпті орнымнан тұруды да үйрендім. Бірлескен жұмыс пен пайымды контент стартапты қолға алып, Атырау белсенділермен ойымды бөлісуге жігерлендірді". 

Қазір Әйгерім «Наули-вакум» инструкторы болып жұмыс істейді. Сонымен бірге ол 3 апталық «Наули-вакум» марафонының авторы. Ол әйелдерге ішкі энергияны бақылап, өздерін көрсетуге көмектеседі.  

"Наули – ішкі тазару практикасы және мыңдаған жыл бұрын пайда болған. Ол арқылы өз бұлшық етіңді қатайтып, ішкі және физикалық күшіңді реттейсің".