British Council Pakistan 2021

Қазақстандағы түлектердің жетістіктерін атап өту

Ұлыбританияда әлемдік деңгейдегі білім алған адамдар дипломының жемісін өмір бойы көреді. Alumni Awards сыйлығы Ұлыбританияда жоғары білім алған түлектердің таңдаған саласына тигізген әсерін және оның Ұлыбританияда оқуына қалай әсер еткенін атап өтеді.

British Council сегізінші жыл қатарынан бүкіл әлем бойынша Ұлыбританияның халықаралық түлектері үшін беделді сыйлығын табыстап келеді.

Study UK Alumni Awards сыйлығы Ұлыбританиядан тыс жерде тұратын түлектерге ашық. Жеңімпаздар мен финалистер — Ұлыбританияда алған білім, тәжірибесін өз қоғамдастығына, өнеркәсібі мен елдеріне оң үлес қосу үшін қолданған өнеркәсіп көшбасшылары. Study UK Alumni Awards Ұлыбритания жоғары білімінің әсері мен құндылығын көрсетіп, атап өтеді. Сондай-ақ марапат түлектер мен олардың университеттерінің халықаралық беделін арттырады.

Сыйлықтар қазіргі уақытта Ұлыбританиядан басқа кез келген елде тұратын, сондай-ақ Ұлыбританияда кемінде бір семестр оқыған немесе Ұлыбританияның акредиттелген оқу орнынан толық курсты (дәреже/біліктілік немесе одан жоғары) соңғы 15 жыл ішінде аяқтаған түлектерге беріледі.

Марапаттың төрт категориясын ұсынамыз:

  • Science and Sustainability Award сыйлығы ғылым мен тұрақты даму саласында мансабы және жетістіктерімен көзге түскен, және өз мамандығында жетістіктерінің әсері мен ауқымын өз саласы және басқа салаларда көрсете алатын түлектерге беріледі. Жұмыс бағыттары мыналарды қамтуы мүмкін: климат өзгеруімен күрес, таза энергия, медицина, тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, машина жасау, өнеркәсіп және құрылыс.
  • Culture and Creativity Award сыйлығымен өнер мен мәдениет саласында мансапқа жеткен түлектер марапатталады. Біз өздерінің көркемдік шеберлігін, ықпалы мен шығармашылығын көрсете алатын түлектердің номинацияларын құптаймыз. Жұмыс бағыттары мыналарды қамтуы мүмкін: өнер, дизайн, медиа, видео, телевзия, музыка, блогерлер, влогерлер, ютуберлер және гуманитарлық ғылымдар. 
  • Social Action Award оң әлеуметтік өзгерістер жасауға және басқалардың өмірін жақсартуға айрықша үлес қосқан  түлектер марапатталады. Жұмыс бағыттары мыналарды қамтуы мүмкін: теңсіздікті, сондай-ақ кедейлік пен аштықты азайту. Білім және кәсіби даму. Бейбітшілік пен әділдік.
  • Business and Innovation Award инновациялық немесе креативті жаңа идеяларға, шешімдерге немесе одан әрі өсу әлеуеті бар бизнес мүмкіндіктеріне белсенді түрде кірісетін және үлес қосатын түлектер марапатталады. Жұмыс бағыттары мыналарды қамтуы мүмкін: кәсіпкерлік, бизнес, технология.

Сіз Ұлыбританияда оқып, ерекше жетістікке жеттіңіз бе? Олай болса, марапаттардың біріне өтінім беріңіз. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 1-қыркүйегінен бастап ашық!

Қандай өтінімдер керемет деп саналады? Study UK Alumni Awards веб-сайтында біздің үздік кеңестерімізбен танысыңыз.

Беделді түлектердің сыйлығын алудың кейбір артықшылықтары:

  • Жаһандық баспасөзде жариялану арқылы халықаралық беделіңізді көтере аласыз.
  • Кәсіби және іскерлік байланыстар орната аласыз.
  • Ұлыбританияға саяхат ұту мүмкіндігіне ие боласыз.

Таймлайн

1 қыркүйек, 2021 Өтінімдерді қабылдауды бастау
29 қазан 2021 Өтінімдерді қабылдайтын ақырғы мерзім сағат 16.00-ге дейін (BST)
қазан - қараша 2021 Өтінімдерді сұрыптау
желтоқсан 2021 - қаңтар 2022 Финалистер тізімін жариялау
наурыз 2022 Қазақстандағы ұлттық жеңімпаздарды жариялау
сәуір - тамыз 2022 Әлемдік финалистерді жариялау және онлайн режимінде марапаттау
қыркүйек 2022 Global Alumni Awards жеңімпаздарын жариялау

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 1-қыркүйегінен басталады және 2021 жылдың 29-қазанында аяқталады. Барлық үміткерлер Халықаралық түлектердің сыйлығына ұсынылатын болады.

Alumni Awards жаһандық марапаттауының финалистері мен жеңімпаздары 2022 жылы белгілі болады және олардың тарихы мен жетістіктерін көрсететін марапаттау рәсімі онлайн режимінде өтеді. Марапат иегерлері Ұлыбританияға саяхат ұтып алуға (сол уақыттағы Covid-19 жағдайы ескеріледі), сондай-ақ өздерінің халықаралық беделін жоғарылату, кәсіби байланыстарын кеңейту және мансабын жақсартуға мүмкіндік алады.

British Council  өтінім беру процесі туралы көбірек білгісі келетіндерге «Өтінім қалай беру керек» вебинарын ұйымдастырады. Шараға қатысқыңыз келсе, осында тіркеліңіз.