Alumni Awards 2022–23 постері

Study UK Alumni Award түлектері конкурсына өтінімдерді қабылдау. Өтінішіңіздің статусы туралы белгіленген уақытта хабарлаймыз.

Қазақстандағы түлектердің жетістіктерін атап өту

Көрнекті адамдар Ұлыбританияда халықаралық дәрежедегі алған білімдерінің жемісін өмір бойы көреді. Alumni Awards сыйлықақысы Ұлыбританияда жоғары білім алған түлектердің таңдаған саласына тигізген әсері мен оның Ұлыбританияда оқуына қалай әсер ететіні мәлім.

Британдық Кеңес тоғызыншы жыл қатарынан дүние жүзіндегі Ұлыбританияның халықаралық түлектеріне жоғары жетістіктері үшін беделді сыйлығын табыстап келеді.

Study UK Alumni Award жеңімпаздары мен финалистері қоғамға, индустрияға және елге оң үлес қосу үшін Ұлыбритания университетінде оқу тәжірибесін пайдаланған өз салаларындағы көшбасшылар болып табылады. Study UK Alumni Awards сыйлықақысы Ұлыбританияның жоғары білімінің әсері мен құндылығын атап өтеді және Ұлыбритания түлектері мен олардың бұрынғы университеттерінің халықаралық беделін арттырады.

Сыйлықақыға қазіргі таңда Ұлыбританиядан тыс елде тұратын, сондай-ақ Ұлыбританияда кемінде бір семестр оқыған немесе Ұлыбританияның акредиттелген оқу орнынан толық курсты (дәреже/біліктілік немесе одан жоғары) соңғы 15 жыл ішінде аяқтаған түлектеріне беріледі.

Сыйлықақының төрт санатын ұсынамыз:

  • “Ғылым және тұрақты даму” санаты ғылым және тұрақты даму әлеміндегі мансабында және жетістіктерінде ерекше көзге түскен өз жетістіктерінің кәсіпте және одан тыс салаларда әсері мен ауқымын көрсете алатын түлектеріне беріледі. Қызмет бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: климаттық әрекет, таза энергия, медицина, тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, машина жасау, өнеркәсіп және құрылыс.
  • “Мәдениет және шығармашылық” санаты өнер мен мәдениет мансаптарында және жетістіктерімен ерекшеленген, өзінің көркемдік тапқырлығын, әсерлілігі мен шығармашылығын көрсете алатын түлектерді бағалайды. Қызмет салаларына келесілер кіруі мүмкін: өнер, дизайн, медиа, бейне, теледидар, музыка, блогерлер, ютуберлер, влоггерлер және гуманитарлық ғылымдар өкілдері.
  • “Әлеуметтік қызмет” санаты оң әлеуметтік өзгерістер жасауға және басқалардың өмірін жақсартуға айрықша үлес қосқан түлектерге беріледі. Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: теңсіздікті, сондай-ақ кедейлік пен аштықты азайту. Білім және кәсіби даму. Бейбітшілік пен әділдік.
  • “Бизнес және инновациялар” санаты инновациялық немесе креативті жаңа идеяларға, шешімдерге немесе одан әрі өсу әлеуеті бар бизнес мүмкіндіктеріне белсенді түрде кірісетін және үлес қосатын түлектер беріледі. Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: кәсіпкерлік, бизнес, технология және қаржы.

Сыйақылар

Британдық Кеңес Қазақстандағы негізгі санаттардың әрқайсысының жеңімпазына өз таңдауы бойынша кәсіби даму мүмкіндігі үшін 2000 фунт стерлингке дейін сыйлық ұсынады.

Сонымен бірге Alumni Awards беделді сыйлықақыны алудың кейбір артықшылықтары:

  • жаһандық медиа саласындағы халықаралық профиліңізді көтеріңіз
  • желілік және іскерлік байланыстарды кеңейтіңіз
  • Ұлыбританияға кәсіби нетворкинг сапарды ұтып алыңыз

Маңызды күндер

1 қыркүйек 2022 Өтінімдерді қабылдауды бастау
6 қараша 2022 Өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы (Ұлыбритания уақыты бойынша түнгі 23.59 -ға дейін)
Қараша – желтоқсан 2022 Өтінімдерді сұрыптау
Желтоқсан 2022 – қантар 2023 Қазақстанның финалистер тізімін жариялау
Ақпан 2023 Қазақстандағы ұлттық жеңімпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі
Наурыз – тамыз 2023 Әлемдік финалистерді жариялау және онлайн режимінде марапаттау
Қыркүйек 2023 Жаһандық жеңімпаздарды жариялау
Қыс 2023–24 Төрт жаһандық жеңімпаз Ұлыбританияға кәсіби даму және Ұлыбритания университеттеріне сапармен бару үшін аттанады

Өтінімдер 2022 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап 2022 жылдың 6 қараша айына дейін қабылданады. Барлық жарамды үміткерлер жаһандық Түлектер сыйлығына ұсынылатын болады.

Жаһандық Түлектер марапаттарының финалистері мен жеңімпаздары 2023 жылы жарияланады және олардың табыс тарихы онлайн науқанда көрсетіледі.

Толық ақпарат келесі сілтемеде көрсетілген study-uk.britishcouncil.org/after-your-studies/alumni-awards.

Сыртқы сілтемелер