Саутгемптон университеті мен British Council әзірлеген осы курсты өткен жылы әлемнің түрлі елдерінде 120 000 адам оқып шықты. 

Курсты өткен жылы оқығандардың 96%-ы одан өту туралы кеңес береді. 

Курсқа тіркеліңіз, сонда сіз тілдерді тиімді оқыту мен үйренудің өзекті тұжырымдамалары туралы білесіз. Тілдерді үйрену мен оқыту саласындағы ең жаңа идеялармен, зерттеу жұмыстарымен және іс-тәжірибемен танысасыз. 

Курс қашықтан (онлайн режимінде) өткізіледі, сондықтан оны әлемнің кез келген түкпірінде жүріп-ақ оқуға болады. Оқу уақыты аптасына шамамен 3 сағатты құрайды және 4 аптаға созылады.

Курс 19 қазанда басталады (бұл мерзімнен кейін де тіркеліп, оқуды бастай беруге болады) және 15 қазанда аяқталады. 

Курс кімдерге арналған?

Курс жоғары білімі бар, тіл меңгерудегі машықтарын, сондай-ақ сабақ берудегі машықтарын дамытқысы келетін адамдарға арналған. Сіз ағылшын тілін оқыту саласында жоғары оқу орнынан кейін білім алу жайындағы түсінігіңізді қалыптастырасыз. Алдын ала дайындық қажет емес. Курстан тіл үйрену мен сабақ беру туралы көбірек білгісі келетін адамдардың барлығының өтуіне болады. 

Курсты оқып шығыңыз да, ағылшын тілінің оқытушыларына арналған магистратурада оқуға арналған стипендияны ұтып алыңыз

Онлайн режимде магистратурада оқу үдерісі туралы түсінік алу үшін осы қашықтан оқу курсынан өтуіңізге болады. Курсты жақсы үлгеріммен аяқтағаннан кейін сіз ағылшын тілінің оқытушыларына арналған магистрлік бағдарлама бойынша қашықтан оқудың бағасын жартылай өтейтін стипендиядан үміткер бола аласыз. 

Саутгемптон университеті мен British Council әзірлеген магистрлік бағдарлама туралы көбірек біліп алыңыз. 

Курсты бітіргеніңіз туралы сертификат алыңыз

Курстан өткеніңізді растайтын жеке сертификатты электрондық пішінде және қағазға басылған пішінде алуыңызға болады. Сертификатты қалай алуға болатыны туралы біліп алыңыз.