IELTS Tutor Programme

IELTS оқытушылары арасындағы серіктестік бағдарламасы

1-кезең (іріктеу): 1 қараша, 2025 ж.– 1 ақпан, 2026 ж.
2-кезең (қатысу және бонустар): бір жылдық келісімшарт жасалғаннан кейін басталады.

Бағдарлама мақсаты

Серіктестік бағдарламасы Қазақстандағы барлық IELTS оқытушыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Британия Кеңесімен жүзеге асырылатын аталған бастама мұғалімдердің кәсіби дамуына, эксклюзивті оқу ресурстарына қол жеткізіп, мансап жолында өсуіне мүмкіндік береді.

Қатысу құқығы

Бағдарламаға қатысуға:

  • Қазақстан аумағында тұратын және жұмыс істейтін;
  • IELTS емтиханына дайындайтын (жеке өзі немесе білім беру ұйымында қызмет ететін);
  • Бағдарлама ережелерін сақтауға және British Council бренд материалдарын пайдалануға келісім беретін;
  • Студенттерді ресми IELTS Registration Partners арқылы емес, жеке оқытушы ретінде тіркейтін мұғалімдерді шақырамыз!

1-кезең — Іріктеу кезеңі

Өтетін мерзімі: 1 қараша, 2025 ж.– 1 ақпан, 2026 ж.

Іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, 2-кезеңге жолдама алу үшін оқытушы:

  • Көрсетілген уақыт аралығанда кемінде 15 үміткерді IELTS тестіне тіркеуі тиіс;
  • Барлық үміткер тест ақысын ресми тіркеу арналары арқылы толық төлеуі қажет.

2-кезең — Британия Кеңесімен серіктестік орнату туралы ресми келісімшарт жасау

Бағдарлама артықшылығы мен бонустар

1. Кәсіби даму

  • Тегін онлайн-вебинарлар және қатысуды растайтын сертификат;
  • IELTS оқытушыларының жаһандық желісіне қосылу;
  • IELTS Teachers Training курсына қатысу (әр 3 ай сайын 1 модуль);
  • IELTS Teacher Training Certification Program халықаралық сертификатына ие болу
  • IELTS Teachers Trainer — IELTS оқытушыларын даярлайтын сертификатталған тренер атану мүмкіндігі.

2. Оқу материалдары мен маркетинг құралдары

  • Дайын сабақтар, плакат, баннер және Road to IELTS дайындық материалы;
  • Студенттерді тіркеу барысында көмек, әлеуметтік желіде қолдау;
  • Визуал метариалдар мен бренд шаблондарын пайдалану құқығы.

3. Мансап жолында даму мүмкіндіктері

• Тіркелген әрбір 15 үміткер үшін берілетні 1 тегін IELTS тесті;

  • Студенттерді ең көп тіркеген оқытушылар NILE ұйымының “Prepare Your Students for IELTS” (6 апта) атты курсына қатыса алады;
  • IELTS Teacher Training Certification Program курсын өтіп, ресми сертификат алу;
  • Британия Кеңесінің ресми сайтындағы жеке оқытушылар тізіміне қосылу (Private Tutors List);
  • Британия Кеңесінің инстаграм парақшасында бірлескен ресми жазба жариялау.

Өтінім беру процесі

  1. Бағдарламаға қатысу үшін British Council Kazakhstan сайтына өтіп, оқытушыларға арналған онлайн форманы толтырыңыз.
  2. Бағдарламаға қатысатыныңыз расталған соң IELTS тестіне тіркеу порталын қолдану мүмкіндігіне ие боласыз.
  3. Бірінші кезеңнің талаптарын толық орындасаңыз, сізге бір жылдық келісімшартқа қол қоюға ұсыныс жіберіледі.

Жалпы ережелер

  • Бағдарлама тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана жұмыс істейді.
  • Британия Кеңесі бағдарлама шарттары мен өткізу мерзімдерін өзгертуге құқылы
  • Қатысушылар бренд материалдарын пайдалану ережелері мен Британия кеңесінің ішкі қағидасын (EDI, Safeguarding, Anti-Corruption және т.б.) сақтауға міндетті.
  • Бонустың барлық түрі (курс, сертификат, тегін тест) алмастырылмайды және өзге тарапқа берілмейді.
  • Ұйымдастырушылардың шешімі түпкілікті болып саналады.
Share this