Ағылшын тілін үйренуге арналған балалар бейнесериалы
YouTube желісіндегі біздің "Тиммимен бірге оқу" атты тегін бейнесериал балаңыздың ағылшын тілін үйде ойнап жүріп үйренуіне көмектеседі. Оскар сыйлығының иегері Aardman студиясымен бірлестікте жасалған сериал сынып бөлмесінде оқудың барлық артықщылықтарын үйіңізге әкеледі.
"Тиммимен бірге оқу" сериалы ән-жыры бар бес минуттық 26 эпизодтан құралған, олар оқуды нағыз ойын-сауыққа айналдырады. Балаңыз Тиммимен және оның достарымен бірге жаңа сөздерді үйреніп, ән салады және басқа да істермен айналысады.
Сериалдың негізін Тиммидің хикаялары құрайды, олар балаңыздың жаңа сөздерді мәтінмәнде үйренуіне мүмкіндік береді. Баланың сөздік қоры ұлғайып, жасампаздығы мен қиялы дамиды – әр эпизод өзіндік оқу нәтижесін береді.
«Тиммимен бірге оқу» кімге арналған?
«Тиммимен бірге оқу» ағылшын тілін қосымша тіл ретінде үйреніп жүрген екі мен алты жас аралығындағы балаларға арналған. Ағылшын тілін дәл осы жаста үйрене бастауы баланың:
- тілді әлдеқайда дағдылы жолмен меңгеруіне;
- тіл ұстарту үшін барынша қолайлы жаста ағылшын тілін оқып-үйренуіне;
- тілді меңгеру машықтарын жақсартып, өзіне деген сенімін арттыруына мүмкіндік береді.
«Тиммимен бірге оқу» сериалына сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге арналған оқу қолданбалары және тегін онлайн-курстар кіреді.