"BRITISH COUNCIL (KAZAKHSTAN)" ("БРИТИШ КАУНСИЛ (КАЗАХСТАН)") ЖШС IELTS тестін өткізуге және осы Шартта көрсетілген тұлғаларға ұсыныс болып табылатын қосымша қызметтерді көрсетуге арналған осы жария офертаны жариялайды (бұдан әрі – Шарт).
1. Терминология
1.1. Шартта қолданылатын терминология:
Жария офертаның акцепті – осы Шарттың 3-бабында көрсетілген Тапсырыс берушінің әрекеттерінде айқындалған осы жария офертаны Тапсырыс берушінің толық және сөзсіз қабылдауы. Жария офертаның акцепті Емтихан орталығы және Тапсырыс берушінің арасында Шарттың жасалғандығын және Тапсырыс беруші Шарттың барлық талаптарымен толықтай келісетіндігін растайды;
Қосымша қызметтер – Емтихан орталығының IELTS тестінен басқа көрсететін қызметтері. Қосымша қызметтердің тізімі, сондай-ақ оның құны және оны ұсынудың талаптары (егер қоланылатын болса) осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шарттың 1-Қосымшасында көрсетілген;
Тестілеудің немесе Қосымша қызметтердің құны – осы Шартта көрсетілген және 1-қосымшада көрсетілген IELTS тестінің немесе Қосымша қызметтердің құны;
Тапсырыс беруші – осы ұсыныс жіберілген Тест тапсырушы тұлға немесе оның ата-анасы немесе заңды өкілі немесе заңды тұлға, немесе осы Шартқа сәйкес Емтихан орталығымен қарым-қатынасқа түсетін кез келген басқа тқлға немесе ұйым.
Ағылшын тілі бойынша тапсыратын Халықаралық тестілеу жүйесі (IELTS тесті) – осы Шартта баяндалған шарттарға сәйкес Тест тапсырушының ағылшын тілінде тыңдау, оқу, жазу және сөйлеу қабілетін бағалау және растауға арналған тест;
IELTS тестінің күшін жою саясаты – IELTS тестін болдыртпау және https://kazakhstan.britishcouncil.org/exam/ielts/cancellation-refund-policy сайтында жарияланған тестілеудің құнын қайтару процедурасын реттемелейтін ережелер;
IELTS тестін жүргізудің ережелері мен талаптары - IELTS тестілеуін тіркеу, жүргізу және олардың https://ieltsregistration.britishcouncil.org/terms-and-conditions/Global_IELTS сайтында жарияланған нәтижелерін алуды анықтайтын ережелер;
Тіркеу нөмірі – IELTS бірегей жеке тіркеу нөмірі , ол тіркеуден кейін Тіркеу жүйесімен автоматты түрде жасалады және Тестілеуші тұлғаға электрондық пошта арқылы жіберіледі;
Тіркейтін электрондық пошта – Тапсырыс беруші IELTS тіркеу үшін пайдаланатын электрондық пошта;
Тіркеу жүйесі - IELTS тестіне тіркелуге арналған Кембриджде құрылған жаhандық онлайн-жүйесі;
Емтихан орталығы - "BRITISH COUNCIL (KAZAKHSTAN)" ("БРИТИШ КАУНСИЛ (КАЗАХСТАН)") ЖШС, бұл IELTS тестін ұйымдастыратын және өткізетін және Қосымша қызметтер көрсететін уәкілетті орталық болып табылады;
Тест тапсыратын тұлға - IELTS тестінен өтуге тілек білдіретін тұлға;
Тест тапсыратын тұлғаның порталы – барлық жеке ақпаратты және IELTS және Қосымша қызметтер туралы барлық жеке ақпаратты қамтитын, IELTS тестіне арналған Тест тапсырушының жеке кабинеті болып табылады.
2. Шарттың мәні
2.1. Емтихан орталығы Тест тапсырушы тұлға үшін IELTS тестін өткізеді, сондай-ақ осы Шарттың талаптарына сәйкес Қосымша қызметтер көрсетеді.
2.2. IELTS тесті IELTS тестін өткізудің ережелері мен талаптарында көрсетілген іс-шараға сәйкес жүргізіледі.
2.3. 1-қосымшада көрсетілген Қосымша қызметтер осы Шартпен бекітілген тәртіпте ұсынылады. Қосымша қызметтер көрсетудің толық тәртібі 1 қосымшада көрсетілген және https://ieltsregistration.britishcouncil.org/terms-and-conditions/Global_IELTS тиісті электрондық сілтемелерде көрсетілген.
3. Жария офертасын қабылдау және Шарт жасау уақыты
3.1. Жария офертасын қабылдау – бұл Тапсырыс берушінің тест құнын немесе Қосымша қызметтерге ақша төлеу болып табылады.
3.2. Емтихан тапсыру орталығы және Тапсырыс беруші арасындағы Шарт жасасу сәті (Жария офертаны қабылдау сәті) Емтихан тапсыру орталығының есеп шотына Тестілеу немесе Қосымша қызметтер құнын құрайтын ақша қаражатының түсу сәті болып табылады.
3.3. IELTS тестіне онлайн тіркелген жағдайында, Емтихан тапсыру орталығы Тапсырыс берушіге IELTS тестіне тіркелгенін растауды ұсынады. Көрсетілген растау, сондай-ақ онлайн тіркелумен байланысты болатын басқа хабарламалар Тапсырыс берушіге Тіркеу электрондық пошта бойынша ұсынылады және егер жіберушінің мекенжайы @kz.britishcouncil.org немесе @britishcouncil.org аяқталатын болса Емтихан тапсыру орталығынан шыққан деп есептеледі.
3.4. Егер Тапсырыс беруші өтінім берген IELTS тестілеу күнінде бос орын болмаса, Емтихан тапсыру орталығы Тапсырыс берушіге тестілеудің құнын толық қайтаруға немесе тестілеудің басқа күнін таңдауды ұсына алады.
3.5. Емтихан тапсыру орталығы Тест тапсыратын тұлғаны осы Шартта қарастырылған тәртіпте Тапсырыс берушінің Жария офертасын және IELTS талаптарын қабылдағаннан кейін тест тапсыруға тіркейді.
4. Тест тапсыруға және Қосымша қызметтерге өтініш
4.1. IELTS тесті болған жағдайда, Тапсырыс беруші Тіркеу жүйесіне барлық қажетті құжаттарды ұсынып және Тіркеу нөмірін алуы қажет.
4.2. IELTS тестіне тіркелуге қажетті құжаттар Емтихан тапсыру орталығына электронды түрде, оларды тіркеу барысында Тіркеу жүйесіне немесе тіркелгеннен кейін Тест тапсыратын тұлғаның порталына немесе info@kz.britishcouncil.org жалпы пошта жәшігіне жүктеу арқылы ұсынылады. IELTS тестін тапсыру үшін қажетті құжаттардың тізімі Емтихан тапсыру орталығының веб-сайтында көрсетілген.
4.3. Қосымша қызметтерге өтінім берген жағдайда, Тапсырыс беруші Қосымша қызметтің атауын, сонымен қатар Тапсырыс беруші Емтихан орталығына өзге қажетті құжаттармен бірге тапсыратын өтінімде сұратылатын қызметтердің басқа деректері мен сипаттамасын көрсетуі тиіс.
4.4.Қосымша қызметтерге өтінім Емтихан тапсыру орталығына электрондық поштасына электронды түрде келесі электрондық пошта мекенжайына жіберіледі: info@kz.britishcouncil.org.
4.5. Қосымша қызметтерге өтінім Тест тапсыратын тұлғаның порталы арқылы беріле алады.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Емтихан тапсыру орталығы:
5.1.1. Тапсырыс берушіге IELTS тестінің өткізілетін күні, уақыты және орны туралы тест өткізілетін күнге дейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей хабарлауға (электрондық пошта арқылы);
5.1.2. Осы Шартта белгіленген мерзімде тіркелген Тест тапсырушы тұлға үшін IELTS тестін өткізуге;
5.1.3. Тиісті сапада және осы Шартта белгіленген тәртіпте Қосымша қызметтер көрсетуге;
5.1.4. Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша түрдегі өтініші бойынша, егер өтініш IELTS тестін өткізу күнінен немесе Тапсырыс берушіге тиісті Қосымша қызметтер көрсету күнінен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей берілген болса, Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған Шарт бойынша көрсетілген қызметтерге бухгалтерлік жабатын құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.
5.2. Емтихан тапсыру орталығы:
5.2.1. IELTS тестін өткізудің ережелері мен талаптарында қарастырылған жағдайларда Тест тапсырушы тұлғаны IELTS тест өткізілетін бөлмеден шығарып жіберуге, кешігіп келген Тест тапсырушыны тест тапсыруға жібермеуге;
5.2.2. IELTS тестінің өткізілетін күнін, сондай-ақ IELTS тестінің өткізілетін уақыты мен орнын өзгертуге құқылы, егер бұл туралы Тапсырыс берушіге тест өткізілетін күннен 1 күн кешіктірмей хабар берілген болса;
5.2.3. Тапсырыс берушіден өткізілген IELTS тестіне және Шарт бойынша көрсетілген Қосымша қызметтер үшін төлем жасауды талап етуге;
5.2.4. Қажет болған жағдайда Шарт ережелерін бір жақты тәртіппен өзгертуге;
5.2.5. Тапсырыс берушіге IELTS тестін өткізген күннен немесе Тапсырыс берушіге тиісті Қосымша қызметтер көрсетілген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша өтінім берілген болса, Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған Шарт бойынша көрсетілген қызметтерге бухгалтерлік жабатын құжаттарды ұсынуға құқылы.
5.3. Тапсырыс беруші:
5.3.1. IELTS тестін жүргізудің ережелері мен талаптарын, IELTS тестінің күшін жою саясатын. Осы Шартты мұқият оқуға және түсінуге және онымен Тест тапсыратын тұлғаны таныстыруға;
5.3.2. IELTS тестін өткізу кезінде Тест тапсырушы тұлғаның осы Шартпен бекітілген ережелерді, IELTS тестін өткізудің ережелері мен талаптарын орындауын және Емтихан тапсыру орталығын бақылауға;
5.3.3. Шартпен қарастырылған тәртіп пен мерзімде осы Шарт бойынша алынған қызметтердің құнын уақытылы және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.
5.4. Тапсырыс беруші:
5.4.1. Емтихан орталығынан Шарт бойынша алынған қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған бухгалтерлік жабатын құжаттарды IELTS тестін өткізген күннен кейін немесе Тапсырыс берушіге тиісті Қосымша қызметтер көрсетілген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей сұратуға құқылы.
6. Қызметтердің бағасы
6.1. Стоимость теста IELTS тестінің бағасын Тапсырыс берушінің электрондық поштасы немесе жеке кабинетінне жіберілетін шотта бекітіледі және осы Шарттың ажыратылмас бөлігі болып есептеледі.
6.2. Қосымша қызметтердің бағасы осы Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
6.3. Емтихан тапсыру орталығының қызметтеріне төлем жасау күні Емтихан орталығының есеп айырысу шотына ақша қаражатының түскен күні болып табылады.
7. Шарттың әрекет ету мерзімі және оны бұзу тәртібі
7.1. Осы Шарт Шарттың 3-бабында көрсетілген сәттен бастап күшіне енеді және тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындауына дейін әрекет етеді.
7.2. Осы Шарт қолданыстағы заңнамамен қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ Тапсырыс берушінің IELTS тестінен бас тартуы, Тест тапсырушы тұлғаның IELTS тестін тапсыруға кешігіп қалуы немесе рұқсат берілмеуі, Тест тапсырушының IELTS тестін тапсырудан шеттетілуі, Тест тапсырушының IELTS тестіне қатыспауы жағдайында өзінің әріекетін тоқтатады.
8. Тараптардың жауапкершілігі
8.1. Тапсырыс берушіге Тест тапсырудың құны немесе Қосымша қызметтердің құнын қайтару IELTS тестінің күшін жою саясаты және 1-қосымшада көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
8.2. Емтихан тапсыру орталығының Тапсырыс беруші алдындағы жауапкершілігі Тапсырыс берушіден алынған ақша қаражатын қайтару бойынша жауапкершілікпен шектеледі.
8.3. Егер Тест тапсырушы тұлға IELTS тестінің күшін жою саясатында қарастырылған жағдайлардан басқа, жоспарланған IELTS тестіне қандай да бір себеппен қатыспаса, Емтихан тапсыру орталығы Тапсырыс беруші алдында жауапты болмайды.
9. Еңсерілмейтін күш жаңдайлары
9.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер мұндай орындамау еңсерілмейтін күштер, оның ішінде өрт, су тасқыны және осыған ұқсас құбылыстар, соғыс, әскери әрекеттер, террористік актілер, мемлекетті органдардың әрекеттері, эпидемиялар, ереуілдер, сондай-ақ осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін басқа төтенше жағдайлар, егер мұндай тараптардың осы Шарт қарастырған өз міндеттемелерін тиісті орындауға тікелей кедергі келтірген жағдайда, бақылаудан тыс және тиісті сақтық және мұқияттылықпен алдын алуға болмайды.
10. Дауларды шешу
10.1. Осы Шартпен байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер тараптардың келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады. Егер тараптар келіссөз жүргізу жолымен туындаған даулар мен келіспеушіліктерді шеше алмайтын болса, онда олар Емтихан орталығы орналасқан мекенжай бойынша сот органдарына тапсырылады.
11. Ерекше шарттар
11.1. Емтихан тапсыру орталығының қызметтері Тапсырыс беруші тарапынан осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде және/немесе қызметтер көрсетудің аяқталу күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша негізделген шағымдардың болмаған жағдайында тиісті түрде орындалды деп есептеледі.
11.2. Осы Шартпен байланысты барлық хабарламаларды Емтихан тапсыру орталығы жасай алады, оның ішінде электрондық поштаның көмегімен. Пошта немесе электрондық мекенжайдың өзгертілген жағдайында немесе ол бойынша хабарлама алудың басқа мүмкіндігі болмаған жағдайында Тапсырыс беруші бұл туралы Емтихан тапсыру орталығына шұғыл түрде хабарлауға міндетті, ол болмаған жағдайда Емтихан тапсыру орталығы соңғы белгілі мекенжай бойынша жіберген хабарламалары тиісті түрде жіберілген болып есептеледі.
11.3. IELTS тестін өткізудің ережелері мен талаптары, IELTS тестінің күшін жою саясаты және осы Шарттың барлық қосымшалары оның ажыратылмас бөлігі болып табылады.
11.4. Осы Шарт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде құрастырылды. Шарттың қазақ, орыс және ағылшын тілдері арасында қайшылықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі нұсқасының күші басым болады.
11.5. Осы Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. IELTS тестін өткізудің ережелері мен талаптары және IELTS тестінің күшін жою саясатының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін кез келген ережелері осы Шартқа қолданылмайды.
11.6. Егер Шарттың қандай да бір бөлігі жарамсыз немесе заңды күші болмаған жағдайда тараптар Шартта баяндалған тараптардың ниеттеріне сәйкес әділ шешімге қол жеткізу үшін адал келіссөздер жүргізуге келіседі.
Осы Шарт қосымшасының тізбесі:
1-қосымша "Қосымша қызметтер тізімі, сонымен қатар бағасы мен оны ұсынудың талаптары"
11. Емтихан орталығының мекенжайы және байланыс ақпараты
"BRITISH COUNCIL (KAZAKHSTAN)" ("БРИТИШ КАУНСИЛ (КАЗАХСТАН)" ЖШС
Мекенжайы: Жолдасбеков к-сі., 97,
Samal Towers, Блок A-2, 11-қабат
050051, Алматы, Қазақстан
Банк: JSC Citibank Kazakhstan
IBAN: KZ3983201T0200445000
SWIFT: CITIKZKA
BIN: 150540016608
KNP: 859
KBE: 17
Тел: +7 (727) 2444 144
Электрондық пошта: info@kz.britishcouncil.org