Қазақстандағы түлектердің жетістіктерін атап өту
2025 жылдың 13 наурыз айында Британдық Кеңес Қазақстандағы Ұлыбритания түлектеріне арналған UK Alumni Awards марапаттарының бесінші салтанатты рәсімінде Ұлыбританияның үздік түлектері арасынан жеңімпаздар мен финалистерді жариялады. Іс-шара Ковентри Университеті Қазақстанда өтті.Салтанатты рәсімді Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Британдық Кеңестің Қазақстандағы директоры Роберт Тейлор және Ковентри Университеті Қазақстанның төрағасы Мирас Дауленов ашты.
Британдық Кеңес 11 жыл қатарынан дүние жүзіндегі Ұлыбританияның халықаралық түлектеріне жоғары жетістіктері үшін беделді сыйлығын табыстап келеді. Мараппатау рәсімі әлемнің 23 елінде аталып шықты.
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары мен финалистері қоғамға, индустрияға, жалпы елдің дамуына елге оң үлестерін қосу үшін Ұлыбритания университетінде алған білімі мен тәжірибесін тиімді пайдаланған өз саласының көшбасшылары болып табылады. Study UK Alumni Awards сыйлықақысы Ұлыбританияның жоғары білімінің құндылығы мен әсерін байқатады және британдық түлектер мен олардың университеттерінің халықаралық беделін арттырады.
Осы жылы сыйлықақыға қазіргі таңда Ұлыбританиядан тыс елде тұратын, сондай-ақ, Ұлыбританияның акредиттелген оқу орнынан соңғы 15 жыл ішінде толық курсты (дәреже/біліктілік немесе одан жоғары) немесе кемінде бір семестр оқыған түлектері тапсырды.
Марапаттау категориялары
Сыйлықақы төрт санат бойынша беріледі:
- “Бизнес және инновациялар” санаты инновациялық немесе креативті жаңа идеяларға, шешімдерге немесе одан әрі өсу әлеуеті бар бизнес мүмкіндіктеріне белсенді түрде кірісетін және үлес қосатын түлектер беріледі. Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: кәсіпкерлік, бизнес, технология және қаржы.
- “Мәдениет және шығармашылық” санаты өнер мен мәдениет мансаптарында және жетістіктерімен ерекшеленген, өзінің көркемдік тапқырлығын, әсерлілігі мен шығармашылығын көрсете алатын түлектерді бағалайды. Қызмет салаларына келесілер кіруі мүмкін: өнер, дизайн, медиа, бейне, теледидар, музыка, блогерлер, ютуберлер, влоггерлер және гуманитарлық ғылымдар өкілдері.
- “Ғылым және тұрақты даму” санаты ғылым және тұрақты даму әлеміндегі мансабында және жетістіктерінде ерекше көзге түскен өз жетістіктерінің кәсіпте және одан тыс салаларда әсері мен ауқымын көрсете алатын түлектеріне беріледі. Қызмет бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: климаттық әрекет, таза энергия, медицина, тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, машина жасау, өнеркәсіп және құрылыс.
- “Әлеуметтік қызмет” санаты оң әлеуметтік өзгерістер жасауға және басқалардың өмірін жақсартуға айрықша үлес қосқан түлектерге беріледі. Жұмыс бағыттары келесілерді қамтуы мүмкін: теңсіздікті, сондай-ақ кедейлік пен аштықты азайту, білім және кәсіби даму, бейбітшілік пен әділдік.
Жүлделер
Қазақстанда әрбір финалист сертификатқа, ал жеңімпаздардың әрқайсысы кубок және құны 2000 фунт стерлингке дейін кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болды.
Беделді түлектер сыйлығын жеңіп алудың артықшылықтарына мына мүмкіндіктер де кіреді:
- жаһандық баспасөз және цифрлық қамту арқылы халықаралық профиліңізді көтеру
- кәсіби желілер мен іскерлік байланыстарды құру
- халықаралық байқаудың жеңімпазы болсаңыз, Ұлыбританияға кәсіби нетворкинг сапарын ұтып алу.