Қашықтан оқыту бағдарламалары
Біз түрлі британдық университеттер мен колледждердің емтихандарын өткіземіз.
Маңызды ақпарат!
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап емтихандарға төлемдер тек ақшасыз түрде қабылданатын болады. Бұл шара толық ақшасыз төлеу жүйесіне көшуге байланысты, сондықтан қолма-қол ақша төлемі жоғары көрсетілген уақыттан тоқтатылады.
Қашықтан тапсырылатын емтихандардың (академиялық және кәсіби) ақысын жеке тұлғалардың төлеуі:
- Алматыдағы немесе Астанадағы British Council үйымында сынақ тапсыра алатын-алмайтыныңызды біліктілік органынан біліңіз.
- Тіркеу туралы өтінім пішінін мына электрондық мекенжайына жіберіңіз, бұл орайда сынақ күнін, емтихан басталатын/аяқталатын уақытты, өткізілетін орнын (Алматы/Астана), біліктілік органының атауын көрсетіңіз.
- Біз растау хатын және төлем шотын 5 жұмыс күні ішінде жібереміз.
- Төлемді емтихан күнінен бұрын 5 күнтізбелік күн ішінде банктік аударым арқылы жүзеге асыру қажет.
- Банктік аударым туралы төлем тапсырмасында емтиханның атауын, сынақтың күнін, өткізілетін орнын және толық аты-жөніңізді көрсетіңіз.
- Емтихан тапсыратын күні банктік аударым түбіртегінің көшірмесін көрсетіңіз.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына электрондық поштаға жазуыңызды сұраймыз.