Ағылшын тілін оқып-үйрену үшін British Council ұсынатын тегін онлайн-материалдардың топтамасымен танысыңыз.
Біздің Learn English веб-тораптарымыз
- English Online: 100% онлайн мұғалім өткізетін курс
- IELTS репетиторы: сарапшылармен онлайн үйреніңіз
- Корпоративтік ағылшын тілі бойынша онлайн-шешімдер
- Біздің Learn English веб-тораптарымыз
- Біздің Learn English қолданбаларымыз
- EnglishScore - ағылшын тілінен тегін тест
- EnglishScore Tutors - жеке онлайн ағылшын репетиторлары
- Learning Time with Timmy
- Ағылшын тілін қандай деңгейде білетініңізді айқындап алыңыз
- Ағылшын тілін үйренуге арналған құралдар

Сіз ағылшын тілін British Council тегін веб-торабының көмегімен үйрене аласыз. LearnEnglish веб-торабында дыбыстық және бейне материалдар, сондай-ақ 2 мыңнан астам интербелсенді жаттығулар орналастырылған жүздеген бет бар. Пікірлеріңізді білдіру үшін тіркелуіңізге, басқа пайдаланушылармен араласуға және компьютерге тегін материалдарды жүктеп алуыңызға болады.
Сіз ағылшын тілін үйрену барысында уақытыңызды көңілді өткере аласыз. LearnEnglish веб-торабындағы Fun және Games ресурстары ағылшын тілін ойын түрінде үйренуге мүмкіндік береді. Бұл жерде тіл дамытуға арналған ойындарды және ағылшын тіліндегі әзіл-қалжыңды табуға болады.
Біз оқып-үйренуге арналған дыбыстық және бейне материалдардың мол ауқымын, соның ішінде ұтқыр құрылғыларға жүктеп алынатын подкасттарды, дыбыстық спектакльді, бейнероликтерді және BBC-мен бірлесіп шығарылған дәрістік телебағдарламалар топтамасын ұсынамыз.
LearnEnglish Kids – бұл ағылшын тілін үйреніп жүрген балалар мен олардың ата-анасына арналған веб-торап. Грамматиканы үйренуге және сөз қорын дамытуға арналған әндер, хикаялар, ойындар және басқа да интербелсенді тапсырмалар тіл үйрену ісін қызықты әрі көңілді етеді. Тапсырмаларды балалар өз бетімен немесе достарымен, ата-анасымен және мұғалімдерімен бірге орындай алатындай етіп әзірленген.
LearnEnglish Teens веб-торабы 13 – 17 жастағы мектеп оқушылары үшін арнайы әзірленген. Бұл жерде ағылшын тіліне жаттығуға, грамматиканы оқығанда көмек алуға және сөз қорын арттыруға болады. Сондай-ақ веб-торапта көптеген қызғылықты ақпарат, бейнероликтер, ойындар мен жұмбақтар бар.
Cіз ағылшынша сөйлейсіз, бірақ іскери ағылшын тілін жақсырақ үйреніп алғыңыз келер ме еді? Өзіңіздің іскери ағылшын тіліңіздің жақсы деңгейде екеніне күмәнданасыз ба? Ағылшын тілі жұмыс тілі болып табылатын халықаралық ұйымға жұмысқа тұруды жоспарлап жүрсіз бе? Біздің ресурстар сізге іскери ағылшын тіліңізді жақсартуға көмектеседі.
Егер сіз ағылшын тілін үйреніп жүрсеңіз және де футболдың жанкүйері болсаңыз, Premier Skills English жобасы сізге ағылшын тілін білу деңгейіңізді жақсартып, Премьер-лиганың клубтары мен ойыншылары туралы қызықты жайттарды білуге көмектеседі. Сондай-ақ Премьер-лиганың ойындары мен ережелері туралы ақпаратты тауып, қызғылықты ойындар ойнап, викторинаның сұрақтарына жауап беруге болады.
- English Online: 100% онлайн мұғалім өткізетін курс
- IELTS репетиторы: сарапшылармен онлайн үйреніңіз
- Корпоративтік ағылшын тілі бойынша онлайн-шешімдер
- Біздің Learn English веб-тораптарымыз
- Біздің Learn English қолданбаларымыз
- EnglishScore - ағылшын тілінен тегін тест
- EnglishScore Tutors - жеке онлайн ағылшын репетиторлары
- Learning Time with Timmy
- Ағылшын тілін қандай деңгейде білетініңізді айқындап алыңыз
- Ағылшын тілін үйренуге арналған құралдар