Егер сіз Ұлыбританияда оқып жүрсеңіз немесе оқуды бітірсеңіз, Қазақстанның мекемелеріне ұсыну үшін алған біліміңіз туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау қажет болуы мүмкін.
Егер сіз Ұлыбританияда оқуды жоспарласаңыз, британдық оқу орындарына ұсыну үшін сізге қазақстандық құжаттарыңыздың көшірмелерін куәландыру қажет болуы мүмкін.
Біз сан алуан құжаттардың көшірмелерін куәландырамыз және түпнұсқалығын растаймыз, соның ішінде:
- аттестаттар мен дипломдар;
- британдық және қазақстандық жоғары оқу орындары берген, академиялық үлгерім туралы үзінді көшірмелер;
- қазақстандық мекемелер берген куәліктер және Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқытылатын және медициналық бағдарламаларына түсуге арналған басқа да ресми құжаттар.