Equal Opportunity and Diversity
Equal Opportunity and Diversity image

British Council халықаралық байланыстарды дамыту үшін және Біріккен Корольдік пен басқа елдердің азаматтарының арасындағы сенімді нығайту үшін мүмкіндіктер жасайды. Өз қызметімізде біз шыққан тегі мен мәдениеті әр түрлі адамдармен ынтымақтастық құрамыз. Сондықтан, бірдей мүмкіндіктер мен мәдени сан алуандық идеясын тиімді ілгерілету біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.

Келесі беттерде сіз алалауды азайту және бірдей мүмкіндіктер мен мәдени өзгешеліктерді қадірлеу идеясын ілгерілету бағытында біздің қандай жұмыс жүргізетініміз және біздің бұл идеяларды өз қызметімізге қалай енгізетініміз жайында мәлімет аласыз.

Біз бірдей мүмкіндіктер мен мәдени сан алуандық дегенді қалай түсінеміз?

Тең мүмкіндіктер 

Бірдей мүмкіндіктер саясаты – адамдарға деген әділ әрі риясыз көзқарас, жұмыс орындары мен жалпы қоғамда мәдени сан алуандық және адамның абыройы көтермеленетін және бағаланатын жағдайлар жасау. Бұл сондай-ақ өткенде болған алалаушылық жайттарын түзетуге және клиенттермен, тапсырыскерлермен және жеткізушілермен арадағы қарым-қатынастың әділетсіз алалауға жол бермейтін сындарлы негізде құрылуын қамтамасыз етуге талпыну.

Мәдени сан алуандық

Мәдени сан алуандық идеясы бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін және ұйым үшін де, сондай-ақ оның жұмыскерлері мен серіктестері үшін де қолайлы жағдайлар мен жұмыс әдістерін жасаумен байланысты. Осындай көзқарас танытқанда, адамдардың көп жағынан бір бірінен өзгеше болатыны ескеріледі. Осындай өзгешеліктерді түсіну адамдардың үрдіске тартылуын ұлғайтуға және, соның нәтижесінде жеке тұлғаның, команданың және жалпы ұйымның табысына жәрдемдесуі мүмкін.

Бірдей мүмкіндіктер мен мәдени сан алуандық туралы айтқанда, біз басты жеті аспектіні бөліп қарастырамыз:

  • Жасы
  • Шектеулі еңбекке қабілеті
  • Нәсілі/этникалық шыққан тегі 
  • Жынысы (соның ішінде жынысты өзгертуі)
  • Діні және мәдениеті 
  • Жыныстық бағдары 
  • Жұмыс пен жеке өмірдің арасындағы теңгерім

Біздің бірдей мүмкіндіктер мен мәдени сан алуандыққа деген көзқарасымыз

Біз  British Council-дің бірдей мүмкіндіктер мен мәдени сан алуандық идеяларын ілгерілету бойынша саясатын суреттейтін құжаттарды дайындадық және біз осы саладағы өз жетістіктерімізді бақылау мен бағалау үшін бірқатар тәсілдерді пайдаланамыз. Біз бірдей мүмкіндіктер мен мәдени сан алуандықты қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі – оларды барлық үдерістер мен функциялар деңгейінде компанияның қызметіне ендіру, барлық стратегиялық шешімдердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыру және жоспарлаудың барлық сатыларында оларды ескеру деп санаймыз. Біз бірдей мүмкіндіктер мен мәдени сан алуандық қағидалары мен іс-тәжірибесін ұйымның қызметінің барлық салаларына ендіруді осылай түсінеміз. 

Сыртқы сілтемелер