Professional exams
Professional exams image

Егер сіз кәсіби жағынан өсу мүмкіндігіңізді жақсартқыңыз келсе, біз сізге халықаралық кәсіби ұйымдардың емтихандарын ұйымдастыруға және тапсыруға көмектесеміз.

Келесі біліктілік деңгейлерін алу үшін әуелі өзіңіз таңдаған кәсіби ұйымның веб-торабында суреттелген процедураға сәйкес сол ұйымда тіркелуіңіз керек. Әдетте емтихан тапсыру күндерін ұйымдардың өздері белгілейді, ал біз Қазақстандағы емтихан орталығы ретінде әрекет етеміз.

Біз кіммен ынтымақтастықта жұмыс істейміз

Қазақстанда жетекші кәсіби ұйымдарда оқу дәрісінен өтіп, емтихан тапсыруыңызға болады. Біз төмендегі оқу орындарымен жұмыс істейміз:

Бұл тізім толық емес. Біз кез келген кәсіби институттың атынан емтихан өткізе аламыз.

Төлемақы және ережелері

Біз емтихандарды ұйымдастыруға және емтихан қағаздарын шабармандық қызмет арқылы жеткізуге жұмсалған шығысымызды өтеу үшін ақы аламыз. Емтихан қай мекеменің атынан өткізілсе, сол мекеменің талаптарына қарай төлемді оқу орнының өзі немесе үміткерлердің өздері іске асырады. 

Төлемақы мөлшері емтихан комиссиясына, емтиханның ұзақтығына, осы емтиханды тапсырушы үміткерлердің санына және кейбір жағдайларда біздің емтихан орталығы емтихан қай мекеменің атынан өткізілсе, сол мекемеге төлеуге тиісті қосымша алымдарға байланысты болуы мүмкін. 

Маңызды ақпарат!

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап емтихандарға төлемдер тек ақшасыз түрде қабылданатын болады. Бұл шара толық ақшасыз төлеу жүйесіне көшуге байланысты, сондықтан қолма-қол ақша төлемі жоғары көрсетілген уақыттан тоқтатылады.

Қашықтан тапсырылатын емтихандардың (академиялық және кәсіби) ақысын жеке тұлғалардың төлеуі: 

  • Алматыдағы немесе Астанадағы British Council үйымында сынақ тапсыра алатын-алмайтыныңызды біліктілік органынан біліңіз.
  • Тіркеу туралы өтінім пішінін мына электрондық мекенжайына жіберіңіз, бұл орайда сынақ күнін, емтихан басталатын/аяқталатын уақытты, өткізілетін орнын (Алматы/Астана), біліктілік органының атауын көрсетіңіз. 
  • Біз растау хатын және төлем шотын 5 жұмыс күні ішінде жібереміз. 
  • Төлемді емтихан күнінен бұрын 5 күнтізбелік күн ішінде банктік аударым арқылы жүзеге асыру қажет. 
  • Банктік аударым туралы төлем тапсырмасында емтиханның атауын, сынақтың күнін, өткізілетін орнын және толық аты-жөніңізді көрсетіңіз. 
  • Емтихан тапсыратын күні банктік аударым түбіртегінің көшірмесін көрсетіңіз.  

Толығырақ ақпарат алу үшін мына электрондық поштаға жазуыңызды сұраймыз.

Ескертпе

British Council мен емтихан комиссиясы қызметтердің үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз ету үшін барлық ақылға қонымды шараларды қабылдайды. Сондықтан біздің бақылауымыздан тыс мән-жайлардан туындаған кез келген кідіріс үшін біздің жауапкершілік көтере алмайтынымызды ескеріңіз. Егер емтихандарды өткізу немесе нәтижелерді жеткізу үзіліп, болмай немесе кешігіп қалатындай қауіпті жағдай орын алса, қалыпты қызмет көрсету үрдісін барынша тезірек қайта жалғастыру үшін қолдан келген бар күшімізді саламыз. British Council жауапкершілігі тіркелу ақысын өтеумен немесе емтиханды басқа бір күні қайта өткізумен шектелетін болады. 

Қосымша ақпарат алу үшін бізге хабарласыңыз.