16 қаңтарда Атырауда жастарға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі өтті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шара «I-SEED: инновациялар — әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында өткізілді. Фестивальді British Council «Шеврон» компаниясымен және облыстық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырды.
Осы іс-шараның арқасында оқушылар мен студенттердің кәсіпкерлікке деген ынтасы оянса деген мақсат бар. Әрі оларға іскерлік машық пен көшбасшылық қабілетті дамытуға мүмкіндік беру де көзделді.
- Бұл жоба жыл сайын өтеді. Атыраудың белсенді жастарын қалыптастыруға өз үлесін қосып жатқанына біз өте қуаныштымыз. «Самғау» фестивалі болашақ стартаперлерге бизнес-атмосфераға еніп, қаржылық сауатын арттыруға, қаланың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін өз кәсіпорнын ашуға мүмкіндік береді, - дейді «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс бойынша координаторы Жанар Қошпанова.
Табысты кәсіпкерлер мен алдыңғы қатарлы бизнес-тренерлер онлайн-форматта «Самғау» фестивалінің қатысушыларына өз ісін жүргізудің түрлі аспектісі туралы әңгімелеп берді.
- Фестиваліміздің қатысушылары бүгінде әбден аяққа тұрған бизнесмендер мен тәжірибелі бизнес-тренелердің әңгімесін тыңдады. Олар өз кәсібіңді қалай жүргізу керегі жөнінде мол мағлұмат берді, қыр-сырын айтты. Сонымен бірге кәсіпкерлікке қай жерден үйренуге болатынын, стартап-жобаларға арналған өз идеяларын қалай түрлендіруге болатынын айтып берді. Одан бөлек, бизнесті бюджетсіз жүзеге асыру, болашақ клиенттерге өзіңіз жайлы ақпаратты қалай беру және т.б. тақырыптарды қамтыды, - дейді I-SEED жобасының менеджері Абай Әміров.
Фестиваль қатысушылары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының құрметіне ұйымдастырылған Abay Oqulary поэзия байқауына, ең үздік әлеуметтік жобаны анықтайтын «Әкем, анам және мен — StartUP отбасы» жанұялық конкурсына қатысуға мүмкіндік алды. «Abay Oqulary» поэзия байқауының нәтижелерімен бөлісетін болсақ, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында,12-16 жас аралығында Ерқанат Жұмабаев - бірініші орынды, Асылбекқызы Анель/Асылбекқызы Жанель - екінші орынды және Жалгасова Саида - үшінші орынды иеленді. 17-23 жас аралығында Ақсисенова Айдана - бірінші орынды, Сапарбаева Арайлым - екінші орынды және Әділов Аманжан - үшінші орынды қанжығаларына байлады. Келесі кезекте Абайдың қара сөздері номинациясы нәтижелерін ұсынатын болсақ, Уалихан Яссауи - бірінші орын, Аяулым Оразбекова - екінші орын, және Даур Нурымов - үшінші орын иегерлері атанды. «Әкем, анам және мен — StartUP отбасы» жанұялық конкурсында Жолдасовтар – Кожабалуан отбасы мүшелері өздерінің “Uidemiz” әлеуметтік жобасымен құны 100 000 теңгеге тең сертификаттты жеңіп алды.
Сонымен қатар, «Мен бизнесімді 25-ке жетпей тұрып бастадым» деректі фильмінің премьерасын тамашалады. Мұнда Атыраудың жас кәсіпкерлерінің табысқа жету жолдары айтылды. Фестивальдің соңында жастар қазақстандық әнші Мирас Жүгінісовтің онлайн-концертіне шақыру алды. Жалпы алғанда іс-шараға 2000-нан аса адам қатысты.
Анықтама:
«Шеврон» корпорациясы - әлемдегі интеграцияланған жетекші энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлау, өндіру және тасымалдауды жүзеге асырамыз; көліктік жанар-жағармай материалдарын өңдеу, өткізу және тарату; мұнай-химия өнімдері мен қоспаларын өндіру және сатумен айналысамыз. Сонымен қатар, технологияларды дамытып, қолданамыз.
«Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орындары - Теңіз және Қарашығанақ-тың маңызды үлесіне ие. Корпорация, сонымен қатар, Каспий Құбыр Консорциумының ірі жеке акционері, Атыраудағы полиэтилен құбырлары зауытын сәтті басқарып келеді.
British Council (Британдық Кеңес) - Ұлыбританияда орналасқан халықаралық ұйым, ол мәдени байланыстар және білім беру мүмкіндіктері саласында жұмыс атқарады. Біз Біріккен Корольдік пен басқа елдер арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті арттыру үшін достық атмосфераны құруға қолайлы жағдай жасаймыз. Біз Біріккен Корольдіктің және басқа елдердің дамуына оң үлес қосуға және адамдардың өмірін жақсартуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, тұрақты байланыс құруға және сенімді қарым-қатынастарды дамытуға белсенді ат салысамыз.
Біз әлемнің 100-ден астам елінде өнер және мәдениет, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық қоғамды дамыту саласында жұмыс істейміз. Біз жыл сайын өз іс-шараларымыз арқылы 20 миллионнан астам адамды, сонымен қатар, интернет-арналары мен БАҚ арқылы 500 миллионнан астам адамды қамтыймыз.
Біз 1934 жылы Корольдіктің жарғысы негізінде Ұлыбританияның қайырымдылық ұйымы құрылғды. Сонымен қатар, Британдық Кеңес Біріккен Корольдіктің үкіметтік емес органы болып табылады. Біздің кірістеріміздің маңызды бөлігі ағылшын тілін оқыту мен емтихандарды өткізуден, бірқатар жобалар мен келісімшарттардан түседі, бұлар білім беру және даму саласындағы жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік серіктестіктер арқылы жүзеге асырылатын келісімшарттарты қамтиды. Біздің қаржыландыруымыздың он сегіз пайызы Ұлыбритания үкіметінің негізгі қаражатынан бөлінеді.