Қазақстандағы және Өзбекстандағы British Council Creative Producers бағдарламасының мерзімін екінші жылға үзартуын  жариялайды. Бұл Орталық Азия елдерінде шығармашылық өндірісті дамытуға бағытталған бағдарлама. 

Өткен жылы бағдарламаның нәтижесінде біздің қатысушылар Styq фестивалін құрды. Фестиваль - өнер саласындағы жобалар мен ынтымақтастыққа арналған ашық тәжірибелік алаңы. Жобаның миссиясы - өнерді біріктіру, эмпатия және эксперимент арқылы дамытуға мүмкіндік беру.

Биылғы жылы біз өз мансабының бастапқы сатысында тұрған, фестивальға қосылуға және Алматыдағы STYQ командасымен бірге жаңа жобалар жасауға дайын креативті продюсерлерді бағдарламаға қатысуға шақырдық.

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрды:

  • Алматыда және Ташкентте Ұлыбританиядан келген тәрбиешілермен бірге мастер-класстар;
  • жобаларды әзірлеу, жобаларды іске асыру үшін байқауға ұсыну (шеберлік сыныптары кезінде қатысушылар құрамынан құралған командалар);
  • мастер-кластар аяқталғаннан кейін ең сәтті жобалар фестиваль аясында өз идеяларын іске асыруға қаржылық қолдау алды.

2021 жылы ‘STYQ’ платформасы ‘STYQ Online’ жаңа бағыттын ашады. Оның аясында 29 наурыз бен 11 сәуір аралығында алғашқы қоғамдық бағдарлама өтеді. ‘STYQ Online' бағдарламасы белгілі бір тақырыптарды қамтитын 3 негізгі жобалық бөлімнен тұрады: 

1-жоба MÁTIL

Мұнда тілдің функциясы байланыс құралы ғана емес, тілдік активизм, төменгі тілдік бастамалар, әдеби аудармалар түрінде көрініс табатын практикалар шоғырланады.

2-жоба “Тәуелділік/Depending”

Тәуелділік тақырыбын деректі театр, фотосуреттер мен видео арқылы зерттеуді мақсат етеді.

3-жоба — CIRCULO

Бұл — музыкалық альбом негізінде құрылған мультидисциплинарлық видео-жоба. Жоба секцияларының әрқайсысы білім беру контенті форматындағы кешендерден тұрады. Сол арқылы перфонманс мәнмәтініне енуге негіз болады.