Күнделікті қайталап отыруға бір сағат тіпті он минут бөлгеніңізге қарамастан біздің оқу бағдарламамыз сізге ағылшын тілін жетілдіруге көмектеседі. Төменде көрсетілген бөлімдерді зерделеп, өзіңізге қажеттісін таңдап, ағылшынша сөйлеуді бастаңыз. 

Ағылшын тілін қай деңгейде білетініңізді анықтаңыз

Дәл қазіргі тілді білу деңгейіңізді анықтап беретін грамматика мен лексика бойынша тегін тестілеуден өтіңіз. Біздің платформа сіздің нәтижеңіздің негізінде дағдыларыңызды арттыра түсетін практикалық материалдар ұсынады. 

Тілдік дағдыларды арттыру

Өз деңгейіңізді анықтаған соң тыңдау, оқу, жазу дағдыларымен жұмысты бастай аласыз. Өз деңгейіңізді анықтап, соған сай текст және аудио түрлері мен интерактивті жаттығуларды таңдаңыз. 

Грамматикаңызды жақсарта түсіңіз

Қай модальдік етістікті қолдану керегін немесе апострофты қайда қоятыныңызға жиі күмәндансаңыз, біздегі грамматика бөліміне назар салыңыз. Үш деңгейге бөлінген грамматика бөлімі сіздің барлық сұрағыңызға жауап беріп, қысқаша түсініктемелер мен интерактивті жаттығулар күмәнданған мәселелерге жауап алуға көмектеседі.