Балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектесеміз

LearnEnglish Kids сайтында балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектесетін, арнайы мамандар әзірлеген қызықты ойындар, әңгімелер мен әндер таба аласыз.

Сондай-ақ сайтта ағылшын тілін үйрену барысында балаларды қалай қолдау керегі жайлы мақалалар мен үйде ағылшын тілін үйрену туралы видеолар жариялаймыз.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 

Біз балаларға онлайн ойындар арқылы ағылшын тілін үйренуге көмектесеміз. Балалар экология туралы көбірек біліп, тыңшылардың шифрын ашуға немесе ауылды бөтен адамдардың басып кіруінен қорғауға тырысады.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ӘҢГІМЕЛЕР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

Әңгімелер сөздік қорын дамытуға және мәтінді тыңдау арқылы қабылдауға көмектеседі. Балаға ұнайтын әңгімені таңдап, оны оқып, тапсырмаларды бірге орындаңыз.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ӘН АЙТУ АРҚЫЛЫ ҮЙРЕНІҢІЗ

Ән айту балаларға тілді күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі. Сайтымызда көптеген тамаша әндер таба аласыз.