Өздерінің туындыларын Лондонда көрмеге алғаш рет қойған қазақстандық дизайнерлер қандай сезімде болды ? Қазіргі заманның көшпенділерін қала мәдениетінің, урбанистика мен стрит-фудтың қандай элементтері шабыттандырды? Британдықтарға құрт дегеннің не екенін және қазақ мәдениетінің мұрасы не екенін қалай түсіндіру керек?
14 қазанда Алматыда А1462 деп аталатын қазақстандық дизайнерлер ұжымы көпшілік назарына өз еңбектерін ұсынады. Дизайнерлер әлемдегі аса ірі дизайн фестивальдерінің бірі – London Design Fair іс-шарасына қалай қатысқандарын егжей-тегжейлі айтып береді.
Уақыты: 19.00
Өткізілетін жері: АРТХАУС, Мақатаев көшесі, 127
Тіркелу: орындардың саны шектеулі болғандықтан, міндетті түрде тіркелу керек.
22-25 қыркүйекте қазақстандық төрт дизайнер Настя Леонова, Азиз Абдулмажитов, Тимур Ақтаев және Ғалым Қайралапов Лондон дизайн фестивалінің шеңберінде өткен халықаралық TENT London көрмесіне қатысты. Аталған жолсапардың мақсаты Қазақстан мен Ұлыбританияның дизайнерлік секторларының арасындағы ынтымақтастықты жолға қою болды.
London Design Festival (оның шеңберінде Tent & Super Brands London көрмелері өткізіледі) – Шығыс Лондонның шығармашылық орталығында өтетін, 29 елден келген 450 экспозицияны біріктіретін төрт күндік салалық іс-шара. Экспозицияларды басқалардың қатарында тәуелсіз дизайнерлер, көпшілікке танылған брендтер, халықаралық ұлттық павильондар мен галереялар да көрсетеді.
Жолсапар Британдық Кеңестің қолдауымен «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып, Қазақстанда жасампаздық индустрияларды дамыту жөніндегі жобаның шеңберінде ұйымдастырылды.