British Council және Ұлыбритания елшілігі Ұлыбритания түлектерін соңы нетворкинг шарасына ұласатын үйрену ептілігіне арналған дәріске қатысуға шақырады.
Ұлыбританиядан оқып келген түлектер әлемдегі кейбір жетекші білім беру орындарында білім алғандықтарынан, құрдастарының көбінен артықшылыққа ие.
Дегенмен, құбылмалы, күрделі және әрқилы дүниеде табысқа жету үшін, бізде бейімделу және үйрену ептілігімізді жетілдіре түсуден басқа амал жоқ. Өз тәжірибемізден үйренуге қабілетті әрі ынталы болу және де сол үйренгенімізді жаңа ортада қолдана білу мансапқа жету жолында ерекше демеу берері хақ.
Үйрену ептілігіңізге ықпал ететін 5 фактор туралы және осы ұғымның халықаралық компаниялардакөшбастау қабілетін дамытуда қалай қолданылатынын білу үшін Ұлыбританиялық түлектерге арналған алғашқы кездесуімізге келіңіз. Арнайы шақырылған спикер – біздің серіктес және WE Partners Казахстан кеңсесінің директоры Давид Машури.
Астана және Алматы қалаларында іс-шарақонақтарын «Бочонок» мейрамханасы қарсы алады. Іс-шараның алдында қонақтардың барлығына AB Restaurants жүйесінен тегін алкогольсіз сусындар ұсынылатын болады. Сондай-ақ, іс-шара барысында дастархан мәзірі мен бар өнімдеріне 15%-дық жеңілдік беріледі!
Іс-шараға қатысу үшін осы сілтемемен жүре отырып, Алматыдағы дәріске және мына сілтеме арқылы Астанадағы дәріске тіркелуіңізді сұраймыз. Орын саны шектеулі болғандықтан, іс-шараға тіркелу «кім бірінші, сол ұтады» қағидасымен жүргізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысуыңызды сұраймыз alumni@kz.britishcouncil.org.
Давид Машури– серіктес және Korn Ferry альянсына кіретін WE Partners компаниясының Қазақстандағы жетекшісі. Жоғары санаттағы басқарушыларды іздеу маманы Давид Машуридің жоғару білім беру, жылжымайтын мүлік, үкіметтік және жекеменшік салаларында кеңес беру қызметінде 16 жылдан аса халықаралық тәжірибесі бар. Соңғы 7 жыл бойы Давид жоғары буындағы қызметкерлерді іріктеу аясында Қазақстанда және ТМД аймағында жұмыс істеп келеді. Ол әсіресе FMCG, фармацевтика, телекоммуникация, қаржылық және банктік қызмет көрсету, және индустриялық бизнес салаларымен жақсы таныс әрі осы салалар үшін жоғары санат қызметкерлерін іріктеу, дайындау ісін жетік меңгерген маман.