14 – 19 қараша аралығында Алматыдағы еуропалық мәдениет институттарының қоғамдастығы (EUNIC Алматы) Еуропалық анимация апталығын өткізеді.
Кино-апталықта Венгрия, Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және Швеция қатарлы 8 ел өз фильмдерін көрсетеді. Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.
Билеттерді сіздер ticketon.kz сайтында және «Арман» кинотеатрының кассаларынан сатып алуыңызға немесе бронь жасауыңызға болады.
Билет құны: 200 теңге.
Толық мәлімет алу үшін, аталмыш шараның бағдарламасын жүктеңіз.
EUNIC – Еуропа Одағына мүше елдердің халықаралық мәдени ұйымдарының қоғамдастығы.