Date
Жексенбі 15 Сәуір 2018

British Council Алматыда «Бақытты адамдар» жобасында жұмыс істеуге волонтерлерді жинайды.

Бізге мына тапсырмаларды орындау үшін волонтерлер керек:

  • 3D-картада жұмыс істеу – күніне бес сағаттан (10:00-15:00 және 15:00-20:00), «екі күн жұмыс, екі күн демалыс» сұлбасы бойынша 
  • Келушілермен қарым-қатынас жасау және «бақытты сәттер» туралы ақпарат  жинау 
  • Жиналған ақпаратты iPad планшеттерін пайдаланып базаға енгізу
  • Адамдардың жоба туралы сұрақтарына жауап беру
  • Инсталляцияның жұмысын қолдауға байланысты басқа да тапсырмалар  

БІЗ КІМДІ ІЗДЕЙМІЗ:

  • Біз жігерлі, жауапкершілігі мол және мотивациясы күшті, адамдармен өзара әрекет етуге және қарым-қатынас жасауға әбден  машықтанған адамдарды іздейміз.
  • Біз үміткерлерден бұрынғы волонтерлік тәжірибесі болуын талап етпейміз, бірақ олар  волонтерлік қағидаларын қолдауға және British Council ұйымының өнер саласындағы жобаларына қызығушылық білдіруге тиіс.
  • Үміткерлер орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген болуға тиіс, бұл орайда қазақ тілін білу артықшылық береді.
  • Үміткерлер өз графигін жоспарлай білуге және қызмет көрсетудің және адамдармен жұмыс істеудің өте жақсы дағдысын таныта алуға тиіс.

«Бақытты адамдар» жобасына волонтер ретінде қатысып, сіз:

  • төрт апта жұмыс үшін 30 000 теңге төлемақыға (бес сағаттық жұмыс күні);
  • пайдалы машықтар мен жаңа адамдарды кездестіру мүмкіндігіне;
  • Қазақстандағы British ұйымының өнер саласындағы жобалармен байланысты командасымен тығыз ынтымақтастық жасау мүмкіндігіне;
  • кейін өз түйіндемеңізде көрсетуге болатын волонтерлік жұмыс тәжірибесіне;
  • жобаға қосқан үлесіңізді растайтын British Council сертификатын аласыз;
  • уақытыңызды қызықты өткізу мүмкіндігіне ие боласыз!

ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУ КЕРЕК:

Егер сіздің 2018 жылы іске асырылатын өнер саласындағы жобалардың кез келгеніне волонтер болғыңыз келсе, онда 2018 жылғы 15 сәуірге дейін өтінімді толтыруыңызды сұраймыз. 

Жоба туралы

2018 жылғы 27 сәуір мен 25 мамыр аралығында Қазақстандағы British Council және Лидс қаласындағы (Ұлыбритания) Invisible Flock интербелсенді арт-студиясы «Бақытты адамдар» орасан зор инновациялық жобасын назарға ұсынады, ол бүкіл Алматыдағы мыңдаған адамға қозғау салып, соған қатысуға тартады. Сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде қаланың картасы түрінде жасалған  3D-инсталляция орнатылып, онда адамдар өздерін бақытты сезінумен есінде қалған жерлерді белгілейді.

«Бақытты адамдар» жобасының шеңберінде адамдарға естеліктерін бөлісуге және өздері бақытты болған сәттер туралы әңгімелеуге мүмкіндік беріледі.

Алғашқы сүйісу,  ертедегі махаббат, ұзақ күткен сәбидің дүниеге келуі, балалық шақтағы кумиріңіз, үйлену  туралы сөз айту, би билегеніңіз, кездейсоқ ұшырасқаныңыз – бұл оқиғалар қайда болды, және сіз 1 – 10 шкаласы бойынша өзіңізді қаншалықты бақытты сезіндіңіз?

Invisible Flock студиясы үлкен 3D-карта түрінде инсталляция жасайды. Алдымен қатысушылар картаны жан-жақты қарай алады, басқа адамдардың неден бақытты болатынын және мұның қайда болып жататынын біле алады, және күннен-күнге ұлғайып отырған бақыт базасына өз өмірінен бақытты естеліктерді немесе сәттерді қосып жаза алады. Содан кейін бүкіл ақпарат жиналады да, оның негізінде студия әртістері  «Бақытты адамдар» қойылымын сахналап назарға ұсынады.