Date
Сенбі 05 Наурыз 2016 -
13:00 қа 19:00

Британдық Кеңес сізді Ұлыбританияның мектептері мен колледждерінің Алматыдағы көрмесіне барып, британдық білім алу мүмкіндіктері туралы көбірек білуге шақырады. 15 оқу орнының өкілдері Сізге барынша лайықты колледжді немесе мектепті таңдап, академиялық бағдарламаны анықтауға көмектеседі.

Жан-жақты қызғылықты бағдарлама, британдық мектептер мен колледждердің ата-аналарға арналған семинарлары, стипендиялар туралы хабарламалар – осының барлығы сізді 5 наурызда британдық білім көрмесінде күтеді!  Көрменің қонақтарына сусындар тегін ұсынылады.

Сыйлыққа ие болу үшін көрмеге ертерек тіркеліңіз. Сонымен қатар, барлық келушілердің арасында iPad ойнатылады.

 

Көрмеге қатысушылар

Оқу орны Сайт
Alpha Omega College www.alphaomegacollege.co.uk
Ashbourne College www.ashbournecollege.co.uk
Brockenhurst College www.brock.ac.uk
Cambridge Tutors College www.ctc.ac.uk
Cardiff Sixth Form College www.ccoex.com
d'Overbroeck's www.doverbroecks.com
Earlscliffe www.earlscliffe.co.uk
INTO University Partnerships www.intohigher.com
King's College London  www.kcl.ac.uk
The Manchester College  www.themanchestercollege.ac.uk
Mander Portman Woodward www.mpw.ac.uk
Tettenhall College  www.tettenhallcollege.co.uk
Queen Ethelburga's College www.qe.org
Queen’s College www.queenscollege.org.uk
UCL (University College London) www.ucl.ac.uk

Семинарлар бағдарламасы 

Уақыты  
13.00 - 13.15 Ашылу салтанаты
13.20 – 13.50

UCL (University College London) университетіне қалай түсуге болады

Джейн Скирвинг

Әлемнің үздік университеттерінің бірі University College London-ның негізі 1826 жылы қаланып, ол Лондондағы бірінші жоғарғы оқу орны және Англиядағы алғашқы зайырлы оқу орны атанды. Осы университет өкілдерімен өтетін сессияда сіздер университеттердің өтініш білдіруші түлектерден не күтетінін білуге мүмкіндік аласыз. Және осы шолу арқылы өтініш беру формасын барынша жетілдіруге мол мүмкіндік туады.

UCL дүниежүзі бойынша үздік  университтеттердің бірі. Ол жыл сайын 200 бағдарлама бойынша студент түлектерді қабылдайды.  A level-ден   бастап, IB және AP курстары, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарына түсуге арналған халықаралық бағдарламаларға дайындық та бар.

14.00 - 14.30

Пәндерді таңдау A level және Sixth Form d’Overbroeck’s –дегі өмір қандай

Аласдэр МакФэрсон

(Sixth Form басшысы)

Британия  жоғарғы оқу орындарына түсу үшін A-levels сертификатына арналған дайындық бағдарламасы мен аттестациядан өту керек.  Осы бағдарламаны өту үшін қандай пәндерді таңдау керек екенін британдық жоғары рейтингті колледж өкілдерінен біле аласыз.
14.40 - 15.10

Ұлыбритания университеттеріне UCAS Earlscliffe жүйесі арқылы өтінім беру.

Тим Фиш (Директор)

Бұл сессияда сіздер Англия университеттеріне ұсынылатын өтініш беру жүйесімен таныса аласыздар. Барлық өтініштер UCAS атты бір жүйе арқылы беріледі. Осы жүйе арқылы студенттер өтінішті өз елінде отырып бере алады. Ол үшін Ұлыбританияға арнайы келудің қажеті жоқ. Сіздер UCAS арқылы дұрыс өтініш берудің жолдарын біле аласыздар. Earlscliffe колледжі 1870 жылы ашылып, олар Earlscliffe колледжі, Плющ Лигасы университеттері  мен Англияның үздік Oxbridge университеттерінің әдістемесі бойынша жұмыс істейді.
15.20 - 15.50

Қосымша білім беретін ағылшын колледжі деген не және ол Ұлыбритания білім беру жүйесіне қалай үйлеседі?

The Manchester College

Джудит Кук (Халықаралық даму бойынша менеджер)

Бұл презентация қосымша білім алудың не екенін түсіндіреді. Ұлыбританияның көптеген азаматтары колледждің не үшін керектігін және олар қандай курстар түрін ұсынатынын біле бермейді.Шет елдегі студенттер мен олардың ата-анасы университетке түсер алдында немесе университеттің өзінде колледждің не беретінін түсінбейтіні, қызықты әрине. Бұл презентация осы сұрақтарға жауап береді.
16.00 - 16.30

Шағын ауқымды мектеп-пансиондарда оқудың артықшылығы.

Tettenhall College

Джеймс Дэвис (Студенттерді халықаралық іріктеу бойынша офицер)

Британдық мектеп-пансиондар студенттерге сапалы білім беріп, жағдай жасап, қолдау көрстеді.Бұл сессияда сіздерге кішкентай көлемді мектеп-пансиондардағы білім алудың басымдылықтарын айтып береді.   Tettenhall College 1863 жылы ашылып, Midlands ауданындағы орта білім беру ордаларының ішіндегі үздігі деген атқа ие болған.
16.40 - 17.10

IELTS

Қазақстандағы British Council 

Бұл сессияға қатысушылар  IELTS халықаралық емтиханы форматымен, оның тапсырмалары, дайындыққа арналған оқу материалдарымен, емтиханға тіркелу шарттарымен және жоғарғы балл  (9.0) алу үшін не керек екенін біле алады.
17.20 - 17.50

Топ университеттер қатарына қосылу

Cardiff Sixth Form College

Джон Прайс-Томас (John Price-Thomas (Қамқоршы және физика мұғалімі)

Russell Group Universities университетіне түсуге мүмкіндік алу үшін студенттерге кеңестер айтылады, оның ішіне уәждеме хат жазу мен интервью бойынша да ақыл-кеңестер беріледі.
18.00 - 18.30

IELTS/UKVI

Қазақстандағы British Council 

Бұл сессия қатысушылары IELTS/UKVI халықаралық емтихан форматымен, тапсырма түрлерімен, дайындыққа арналған оқу материалдармен, емтиханға тіркелу шарттарымен  және жоғары  (9.0) балл алу үшін не керек екенін біле алады.

Сіз Гарри Поттер туралы кітаптарды оқып, британдық мектептегі өмірді көз алдыңызға елестеткен боларсыз. Біз сізге таңғажайып сиқыр болатынына уәде бермейміз, бірақ осында өмір сүріп, білім алу керемет болады деп үміттенеміз!

Ұлыбританияда университетте, колледжде, мектепте немесе ағылшын тілі курсында оқығыңыз келе ме?