Youth Independent Film Festival “Clique”
Youth Independent Film Festival “Clique”
Date
Жексенбі 09 November 2014 -
17:30 қа 23:59
Location
Алматы

Авторлық киноның «Clique»  жастар фестиваліндегі британиялық кино бағдарламасы 

British Council авторлық киноның  «Clique» жастар фестивалімен бірлесіп, BAFTA Shorts бағдарламасын – британиялық режиссёрлар түсірген қысқа  метражды фильмдер сериясын ұсынады.

Көрсетілім 2014 жылғы 9 қарашадан бастап «Арман» кинотеатрында өтеді, басталуы 17:30. Фильмдер ағылшын тілінде, орысша субтитрлермен көрсетіледі. Билеттерді сіздер ticketon.kz, arman3d.kz сайттарында, «Арман» және «Цезарь» кинотеатрларының кассаларынан сатып алуыңызға немесе бронь жасауыңызға болады. Билеттің құны 1 000 теңге. 

Бағдарлама туралы егжей-тегжейлі ақпарат фестивальдың Facebook-тегі ресми парақшасында.

Авторлық киноның  «Clique» жастар фестивалі – бұл еуропалық және америкалық киноның өзекті бағдарламасы қамтылған, жас кинематографистер мен олардың көрермендеріне арналған ашық алаңы бар бірінші қалалық фестиваль. 

Британ Кеңесі ұсынған BAFTA Shorts 2014 бағдарламасына Ұлыбританияның қазіргі заманғы ең үздік қысқа  метражды фильмдері – Британияның кино және телевизиялық өнер академиясының (BAFTA) 2014 жылғы сыйлығының иелері мен номинанттары енген. Көрсетілімнің ұзақтығы 78 минут.  

Орыс тіліндегі субтитрлер мен бағдарлама мәтінін бергені үшін CoolConnections арт-бірлестігіне (Мәскеу) ризашылығымызды білдіреміз.