Ковентри Университетінің Лондондағы кампусы сабағы 2014 жылдың қазанында басталатын оқу бағдарламаларына түсуге құжаттар қабылдауды жалғастыруда.
Сапалы сабақ беру, түлектердің еңбек нарығында қажет етілуі, берік салалық байланыстар, сондай-ақ оқытудың жаңартпалық және өсіңкілік тәсілдемесі.
Ковентри Университетінің Лондондағы кампусы салмақты түрде бизнеске бағдарланған. Лондонның халықаралық және қаржылық орталығының жүрегінде орналасқан кампус Қазақстаннан келген студенттерге бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Бизнес саласында жинақталған тәжірибенің және жұмыс берушілердің өзекті сұраныстарын терең түсінудің негізінде әзірлерген кампустың оқу бағдарламалары оқу орнының түлектерін алған білімінің арқасында еңбек нарығында қажет етілуін қамтамасыз ететіндей етіп құрастырылған.
Ковентри Университетінің Лондондағы кампусының студенттері жан-жақты тәжірибе алып, соның ішінде әлемдік деңгейдегі ұйымдардағы жұмыспен қатар өтетін оқудың барысында, сондай-ақ саланың көшбасшыларымен байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін бұл компаниялар өткізетін іс-шараларға қатыса отырып, кәсіптік және іскерлік машықтарын дамытады. Кампустың алдына қойған аса маңызды міндеттерінің бірі – студенттерге мансабын құруда және дамытуда көмектесу, және мұндағы басымдық оқуды бітірушілерді табысты түрде жұмысқа орналастыру болып табылады.
Кампустың әртүрлі ұйымдармен тығыз ынтымақтастық құруының арқасында ұсынылып отырған оқу бағдарламасы – бұл мансапты құруға бағытталған тұтас бір кешен:
- бизнес көшбасшыларының көп жылдық оқу тәжірибесіне негізделген оқу базасы;
- жұмыспен қатар жүретін оқу, бизнес-ортаның танымал өкілдері өткізетін көшбасшылық бойынша дәрістер;
- мансапты жоспарлау, «өзіндік маркетинг» сияқты негізгі салалардағы тренингтер, сондай-ақ студент мансап бойынша өсу ретінде консалтинг пен кәсіпкерлікті таңдаған кезде берілетін ұсыныстар;
- біліктілік талаптарына сай келетін магистратураның студенттері үшін кепілдік берілген тағылымдама немесе жұмыс берушілердің консалтингтік жобаларына қатысу мүмкіндігі.
Табысты түрде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік машықтарын дамытуға бағдар алуы Ковентри Университетінің Лондондағы кампусының студенттерінің әлемдік деңгейде жұмыс істеуге дайын болуын қамтамасыз етеді.
Бағдарламалар бойынша оқудың басталуы: 2014 жылдың қазаны және 2015 жылдың қаңтары. Қазан айындағы курсқа құжаттар қабылданатын соңғы күн: 28 қыркүйек.
Қосымша ақпаратпен мына сайттан танысып шығуға болады.