Біз Британдық білім көрмесі үшін арнайы дайындаған мобильді қолданбаны таныстыруға қуаныштымыз!
Енді көрме туралы бүкіл ақпаратты кез келген уақытта алуыңызға болады. Көрме өткізілетін қаланы таңдап, өзіңізге қажетті іс-шараларды бөлектеңіз де, өзіңіздің жеке кестеңіздің көмегімен көрмеге баратын уақытыңызды жоспарлаңыз. Қолданбаны Көрмеге байланыстырмастан, Ұлыбританияның жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептері туралы анықтамалық ретінде де пайдалануға болады.
Тегін қолданбаны App Store және Google Play дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Қолданбаның мүмкіндіктері
- Британдық білім көрмесінің толық бағдарламасын қарап жүріңіз де, семинарлардың, мастер-кластардың, тұсаукесерлердің, жүлделерді ұтысқа салатын ойындардың, оқу бітірген түлектермен кездесулердің және басқа да іс-шаралардың ең қызықтыларын таңдаңыз.
- «Таңдаулы» қалтасына барғыңыз келетін іс-шараларды енгізіңіз, сонда қолданба сізге арнап жеке кесте құрастырады.
- Өзіңіз барған семинарлар мен кездесулердің сапасына баға беріңіз.
- Көрмеге қатысатын британдық жоғары оқу орындарының, мектеп-пансиондардың, колледждер мен тіл үйрететін мектептердің тізімін қарап шығыңыз да, өзіңіз үшін ең қызықтыларын таңдаңыз.
- Таңдалған оқу орындары, соның ішінде өзіңізге керекті бағдарламаның сипаттамасы мен құны, оқуға түсушілерге қойылатын талаптар, оқу пәндерінің тізбесі туралы ең өзекті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін алыңыз.
- Көрменің жұмыс кестесіндегі өзгерістер туралы құлақтандыруларды және басқа да маңызды ақпаратты алыңыз.
- Көрмедегі стенділердің толық сұлбасын пайдаланыңыз.
Қазіргі заманғы тәсілдеме
Оқу орындарының таусылмас каталогтары мен жазу кітапшаларын ұмытыңыз. Үстіміздегі жылы мобильді қолданба сізге Көрмеде адаспай жол табуға және бүкіл ақпаратты ыңғайлы пішінде сақтауға көмектеседі.
Қолданба қандай құрылғыларда жұмыс істейді?
- iOS: OS 8 жүйесін қолданатын барлық iOS құрылғылары
- Android: Android 4.0 және одан жаңа нұсқаларын қолданатын, Google Play Store дүкеніне кіре алатын барлық Android құрылғылары
Көмек керек пе?
Техникалық қолдау мәселелері бойынша бізге мына мекенжай арқылы хабарласыңыз: