EducationUK көрмесіне келіңіз де, біздің тамаша жүлделеріміздің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!
Жүлделер тек тіркелген меймандардың арасында ойналады. Education UK көрмесіне тіркелу.
Costa Coffee жүлдесі
Education UK көрмесінің плакатын Алматы метросынан тауып алып, сол плакаттың алдында түскен фотосуретіңді Instagram қолданбасына #eduvuk деген хэштегпен орналастыр да, Алматыдағы көрмеде Costa Coffee кофеханасынан жүлде ал! Instagram қолданбасындағы фотосуретіңді көрмедегі ерікті қызметшіге көрсетіп, одан купон ал да, сүйікті кофеханаңнан осы ыстық сусынды сатып алған кезде купонды тегін десертке айырбастап ал.
Education First бағдарламасының жүлдесі
Алматы мен Астанадағы Education UK көрмесінің тіркелген барлық меймандарының ішінде Education First бағдарламасынан Ұлыбританиядағы ағылшын тілі курстары ұтысқа салынады. Әр қаладағы жеңімпаз 2015 жылғы 5 қарашада кездейсоқ ұтыс ойыны арқылы айқындалады. Жеңімпаздардың аттары 2015 жылғы 6 қарашада Фейсбук желісіндегі British Council Kazakhstan бетінде жарияланады.
British Council жүлдесі
Алматы, Астана және Бішкек қалаларындағы Education UK көрмесінің тіркелген меймандары тегін IELTS емтиханын ұтып ала алады. Емтихан әр қаладағы көрменің шеңберінде өтетін IELTS семинарына қатысушылардың арасында ұтысқа салынады. Семинарлардың бағдарламасымен мына жерден танысуға болады. Әр қаладағы жеңімпаз 2015 жылғы 5 қарашада кездейсоқ ұтыс ойыны арқылы айқындалады. Жеңімпаздардың аттары 2015 жылғы 6 қарашада Фейсбук желісіндегі British Council Kazakhstan бетінде жарияланады.
Education UK көрмесінің шеңберінде ұйымдастырылған конкурстардың барлығына қатыса отырып, сіз оларды өткізу шарттарымен автоматты түрде келісесіз.
Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс деректері: эл.мекенжай; тел.: +7 (727) 244 41 44