Date
Бейсенбі 04 June 2015 -
23:15 қа 01:15
Location
ELTons сыйлығын тапсыру салтанатын көріңіз

Ағылшын тілін оқыту саласында бір жыл ішінде қандай жаңа әдістер мен инновациялардың пайда болғанын біліңіз

Ағылшын тілін оқыту саласындағы ELTons сыйлығын тапсыру салтанатынан берілетін тікелей хабарды өткізіп алмаңыз. Бұл іс-шараға Кембридж университетінің ағылшын тілінен емтихан алу департаменті демеушілік жасайды. Бұл - ағылшын тілін оқыту саласындағы инновациялық шешімдер үшін берілетін бірден бір халықаралық сыйлық. Бұл сыйлық ағылшын тілін үйрену мен оқытуда пайдаға асатын білім беру ресурстарына беріледі.

ELTons сыйлығын тапсыру салтанатынан берілетін тікелей хабарды қараңыз 

Тікелей хабар бейсенбі күні, 4 маусымда сағат 23:15-те басталады. Сіз ELTons сыйлығының кімге тапсырылатынын, сондай-ақ сыйлыққа кімнің ұсынылғанын және номинанттардың қалай іріктелгенін білесіз. 

#ELTons2015 твитін орналастырыңыз да, жүлде ұтып алыңыз

Твиттерге #ELTons2015 хэштегінің көмегімен өз ойыңызды немесе пікіріңізді жазыңыз, сұрақтар қойыңыз немесе тәжірибеңізді ортаға салыңыз. Ең қызықты хабарлардың авторлары жеңімпаз атанып, мына инновациялар бойынша British Council ұйымы жариялаған топтаманы ұтып алады: 

  • Ағылшын тілі оқытушыларының білімін жоғарылату саласындағы инновациялар
  • Ағылшын тілі оқытушыларын кәсіби тұрғыдан дайындаудағы инновациялар
  • Ағылшын тілі оқытушыларына арналған оқыту технологияларындағы инновациялар
  • Мигранттар мен босқындарға ағылшын тілінен сабақ берудегі инновациялар 

Өзіңіздің педагогтық әлеуетіңізді іс жүзіне асырыңыз 

Ағылшын тілі бойынша әлемдік сарапшы ретінде British Council ағылшын тілін үйрену мәселелерімен бар ынтасымен айналысады және ағылшын тілін оқытатын мамандарға көмектеседі. Біз сізге оқытушыларды дайындау курсын, мамандардың ақыл-кеңесін, сабақ беру бойынша ұсыныстамаларды, оқу материалдары мен техникалық қолдауды ұсынамыз. Осының бәрі сізге ағылшын тілін оқытуда барынша жақсы нәтижеге жетуге көмектеседі. Қазақстанда ағылшын тілінің оқытушыларымен өткізетін жұмысымыз туралы толық мәлімет.