Hitchcock ©

British Council

Date
Сәрсенбі 21 Мамыр 2014 - 00:00 қа Жексенбі 25 Мамыр 2014 - 00:00
Location
Дворец Республики, Алматы

21 мамыр мен 25 мамыр аралығында Алматыда Хичкоктің дыбыссыз фильмдерінің аптасы өтеді. Оны  Британдық кино институтының (BFI), «Шелл» компаниясының, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен British Council ұйымдастырып отыр. Фестивальде BFI мұрағатынан қалпына келтірілген алты фильм көрсетіліп, олар жанды музыкамен сүйемелденеді.

Альфред Хичкоктің тоғыз дыбыссыз фильмін қалпына келтіру бойынша BFI Ұлттық мұрағаты ұйымдастырған жоба бүгінгі таңда осындай бағыттағы жұмыстар бойынша ең ірі әрі күрделі жоба болып табылады. Қалпына келтіру барысында BFI институттың өзінің үлдірлі материалдарына қоса, жеті халықаралық мұрағаттан уақытша алынған элементтерді, соның ішінде жобада өзекті орын алған төлтума негативтердің бірқатарын пайдаланды. Мамандар олардың көптеген жылдар бойы тозып, бүлінгенінің нышандарын жойып, кескіндердің сапасы мен реңін жақсартты; сондай-ақ жаңа кадрлар мен аралық экран жазулары табылды. 1925 жылдан 1929 жылға дейін түсірілген бұл фильмдер британдық кинематографтың заңғар жетістіктерінің бірі және майталман режиссердің келесі туындыларының негізіне қаланған іргетас болып табылады.

Хичкоктің дыбыссыз фильмдерінің оның кейінгі туындыларын түсіну үшін үлкен маңызы бар, сондықтан аталған жоба дүние жүзіндегі көрермендерге сол туындыларды жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. 

Фестивальді ашу рәсімі 21 мамырда сағат 20:30-да Республика Сарайы алаңында өтеді.