Date
Сейсенбі 01 Қаңтар 2019 қа Сейсенбі 30 Наурыз 2021
Location
Бүгін тіркеліңіз!

IELTS – ағылшын тілін білу бойынша әлемдегі ең танымал емтихан. Өткен жылы IELTS емтиханын 3,5 миллионнан астам адам тапсырды. 

Емтиханға барынша жақсы дайындалу үшін дайындық кезеңінің мейлінше пайдалы өтуінің маңызы зор. Осыны түсіне отырып, біз IELTS емтиханына дайындалу бойынша электрондық курсты әзірледік. Ол емтиханның пішімімен танысуға, емтихан тапсырмаларының мысалдарымен жаттығуға және British Council ұйымының IELTS емтиханына дайындалу бойынша онлайн-ресурстарына жету мүмкіндігін алуға көмектеседі.  

Алты апталық курстың шеңберінде сіз дайындық материалдарының апталық топтамасын, соның ішінде емтиханның қалай өткізілетінін түсініп, жоғары баға алуға көмектесетін бейнероликтерді, емтихан тапсырмаларының мысалдарын, ұсыныстамалар мен мақалаларды алып тұрасыз. 

Ұзақтығы: 6 апта
Бағасы: тегін
Кез келген уақытта жазылуға болады!  

Біздің IELTS емтиханына дайындалу бойынша электрондық курсымыз мыналарды ұсынады: 

  • IELTS нәтижелерін жақсарту туралы мамандардың ұсыныстамалары;
  • IELTS сынағының нақты тапсырмаларына негізделген жаттығулар емтихан тапсырған кезде өзіңізді батылырақ сезінуге көмектеседі;
  • IELTS бойынша тегін жаттығу тапсырмаларының арқасында сіз емтиханның пішімімен танысасыз;
  • ауызша сөйлесу және т.б. бойынша емтиханға дайындалуға арналған бейнероликтер 

Тiркелу