Education UK көрмесінің қарсаңында біз «IELTS емтиханына дайындаламыз» конкурсын өткіземіз. IELTS емтиханына дайындалу бойынша пайдалы кеңестеріңізді Фейсбук немесе Вконтакте желісіндегі біздің парағымызда ортаға салыңыз да, Алматыда немесе Астанада IELTS емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігіне ие болыңыз.
Конкурсқа қалай қатысуға болады?
- Фейсбук немесе Вконтакте желісіндегі біздің парағымызға қосылыңыз.
- Конкурс туралы жазбаңызды Фейсбук немесе Вконтакте желісінде ортаға салыңыз да, оған IELTS емтиханына дайындалу бойынша өз тәжірибеңіздің негізіндегі пайдалы кеңес беретін пікір жазыңыз. Пікірлер 28 қазан сағат 24.00-ге дейін (Астана уақытымен) қабылданады.
- Астанада (29 қазанда) немесе Алматыда (30 қазанда) біздің Education UK көрмесіне келіңіз. Конкурсқа қатысу үшін тіркелу қажет:
Жүлде – Алматыда немесе Астанада IELTS емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі – конкурстың жоғарыда келтірілген барлық шарттарын орындаған қатысушылардың арасында кездейсоқ таңдау әдісімен ұтысқа салынады. Конкурстың толық шарттарымен мына жерден танысуға болады.
Конкурсқа қатысу арқылы сіз оны өткізу ережелерімен автоматты түрде келісесіз.
Конкурстың нәтижелері 2016 жылғы 4 қазанда Фейсбук және Вконтакте желілеріндегі біздің парағымызда жарияланады.
Конкурс Қазақстанның 18 жастан асқан азаматтарының арасында өткізіледі.
British Council қызметкерлерінің туысқандары конкурсқа қатыса алмайды.