Date
Сәрсенбі 05 June 2019 қа Жексенбі 30 June 2019
Location
ДЭДЛАЙН

Қазақстандағы Британдық Кеңес (British Council Kazakhstan) «Шеврон» компаниясы Атырау облысының әкімдігімен бірлестікте іске асырылатын «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасына Атырау қаласындағы жастарды қатысуға шақырады.

Жоба Қазақстанда әлеуметтік жағынан белсенді жастардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға ықпалдасатын болады. 

Жобаға қаланың өміріне жағымды өзгерістер енгізуді қалайтын 16 жастан 25 жас аралығындағы Атырау қаласының әлеуметтік белсенді жастары қатыса алады.

Жобаға қатыса отырып, жастар төмендегі тақырыптар бойынша тренингілерден өтуге мүмкіндік алады:

  • Әлеуметтік кәсіпкерлік 
  • Фандрайзинг және инвестициялар тарту
  • Бизнесті жоспарлау негіздері 
  • Әлеуметтік жобаларды басқару 
  • Маркетинг 
  • Презентация және питчинг дағдылары
  • Өмірлік дағдылар (көшбасшылық, командалық жұмыс және тиімді қарым-қатынас)

Өтініш беру

Жобаға қатысу үшін сілтемедегі пішінді толтыру қажет.

Жобаға қатысу тегін.