5 – 14 қараша аралығында Алматыдағы Clique Fest фестивалі шеңберінде British Council ұйымы New British Film (Жаңа британдық кино) бағдарламасын ұсынады. Ол көрермендерді Ұлыбританияның 2015 жылғы атышулы кинопремьераларымен таныстырады.
Өткізілетін орны: «Арман» кинотеатры
Билеттердің құны:
- студенттерге - 1000 теңге
- ересектерге - 1200 теңге
Фильмдердің барлығы түпннұсқа тілде көрсетіліп, орыс тілінде субтитрлар беріледі.
Жаңа британдық кино туралы қосымша ақпарат
Кесте
5 қараша, 19:00 |
Youth/Жастық шақ |
Режиссер: Паоло Соррентино |
Рөлдерде: Рейчал Вайз, Майкл Кейн, Харви Кайтель |
Ұлыбритания, Италия; 105 мин. |
Фрэд пен Мик екеуінің достығына жарты ғасыр, олар өздеріне өздері күліп, бұл дүниенің сұлулығы мен әділетсіздігіне қайран қалады. Биылғы жазды олар Альпі тауларындағы шипажайда өткізеді де, есейіп кеткен балалардың махаббат хикаялары, көздеріне кездейсоқ түскен қысталаң жайттар және баяғыда өтіп кеткен заманның ашылып қалған сырлары достардың тағдырын мәңгіге өзгертеді. |
7 қараша, 18:00 |
Mr Holmes/Холмс мырза |
Режиссер: Билл Кондон |
Рөлдерде: Иэн МакКеллен, Лора Линни, Майло Паркер |
Ұлыбритания, АҚШ; 103 мин. |
"Холмс мырза" ұлы детектив туралы жаңа хикаяны баяндайды: ол қазір 93 жаста, Лондоннан шалғай жатқан жайбарақат деревняда тұрады, ал қасындағы серіктесінің орнында – шаруашылық басындағы әйел және оның тергеуші мансабын армандап жүрген ұлы. Бала мен ардагер күштерін біріктіреді де, Холмстың кәсіптен кетуіне себеп болған 30 жыл бұрынғы қылмыстың әлі өшпеген ізіне түседі... |
8 қараша, 20:30 |
45 years/45 жыл |
Режиссер: Эндрю Хэй |
Рөлдерде: Шарлотта Рэмплинг, Джеральдин Джеймс, Том Кортни |
Ұлыбритания, 95 мин. |
Үйлену тойларының 45 жылдық мерейтойына бір апта қалғанда Кейт және Джоф Мэрсер Швейцариялық Альпі тауларында Джофтың алғашқы махаббатының мәйіті табылғанын естиді. Ол туралы Кейт әрқашан да білетін, бірақ жұбайының өмірі мен шешімдеріне оның қаншалықты ықпалы бар екенін көз алдына тіпті елестете де алмайтын. |
10 қараша, 20:00 |
Sunset Song/Батқан күннің сарыны |
Режиссер: Теренс Дэвис |
Рөлдерде: Питер Муллан, Агнесс Дейн, Кевин Гатри |
Ұлыбритания, Люксембург; 135 мин. |
Льюис Гиббонның романы бойынша Ұлыбританияның қазіргі заманғы ең үздік режиссерлерінің бірі Теренс Дэвис түсірген отбасылық дастанның өзегі – фермердің қайсар қызы Крис Гутридің тағдыры. Анасынан ерте айырылған балғын Крис өзінің озбыр әкесінің қатаң бақылауымен қожалықты басқаруға мәжбүр. Сүйіктісін жолықтырған ол тұрмысқа шығады, дүниеге ұл бала әкеледі, бірақ Еуропада басталған Бірінші Дүниежүзілік соғыс оның басына тағы да қиын-қыстау күн тудырады... |
14 қараша, 18:00 |
London road/Лондон роуд |
Режиссер: РуфусНоррис |
Рөлдерде: Том Харди, Оливия Колман, Кейт Флитвуд |
Ұлыбритания, 91 мин. |
Мюзикл Ипсуичте кісі өлтірілген шынайы оқиғаларға негізделген: 2006 жылдың сұрқай күзінде Саффолкте бес әйелдің мәйіті табылады. |