Date
Жұма 18 Желтоқсан 2015 - 19:00 қа Сенбі 19 Желтоқсан 2015 - 20:00
Location
Астана

18 - 19  желтоқсан аралығында Астанадағы Clique Fest фестивалі шеңберінде British Council ұйымы New British Film (Жаңа британдық кино) бағдарламасын ұсынады. Ол көрермендерді Ұлыбританияның 2015 жылғы атышулы кинопремьераларымен таныстырады.

Өткізілетін орны: «Арман Азия Парк» кинотеатры

Билеттердің құны: 1200 теңге

Билеттерді сіздер онлайн немесе «Арман Азия Парк» кинотеатрының кассаларынан сатып алуыңызға болады.

Фильмдердің барлығы түпннұсқа тілде көрсетіліп, орыс тілінде субтитрлар беріледі.

Кесте

18 желтоқсан, 19.00
London road/Лондон роуд
Режиссер: Руфус Норрис
Рөлдерде: Том Харди, Оливия Колман, Кейт Флитвуд
Ұлыбритания, 91 мин.
Мюзикл Ипсуичте кісі өлтірілген шынайы оқиғаларға негізделген: 2006 жылдың сұрқай күзінде Саффолкте бес әйелдің мәйіті табылады. 
 
18 желтоқсан, 21.00
45 years/45 жыл
Режиссер: Эндрю Хэй
Рөлдерде: Шарлотта Рэмплинг, Джеральдин Джеймс, Том Кортни
Ұлыбритания, 95 мин.
Үйлену тойларының 45 жылдық мерейтойына бір апта қалғанда Кейт және Джоф Мэрсер Швейцариялық Альпі тауларында Джофтың алғашқы махаббатының мәйіті табылғанын естиді. Ол туралы Кейт әрқашан да білетін, бірақ жұбайының өмірі мен шешімдеріне оның қаншалықты ықпалы бар екенін көз алдына тіпті елестете де алмайтын.
 
19 желтоқсан, 18.00
Mr Holmes/Холмс мырза
Режиссер: Билл Кондон
Рөлдерде: Иэн МакКеллен, Лора Линни, Майло Паркер
Ұлыбритания, АҚШ; 103 мин.
"Холмс мырза" ұлы детектив туралы жаңа хикаяны баяндайды: ол қазір 93 жаста, Лондоннан шалғай жатқан жайбарақат деревняда тұрады, ал қасындағы серіктесінің орнында – шаруашылық басындағы әйел және оның тергеуші мансабын армандап жүрген ұлы. Бала мен ардагер күштерін біріктіреді де, Холмстың кәсіптен кетуіне себеп болған 30 жыл бұрынғы қылмыстың әлі өшпеген ізіне түседі...
 
19 желтоқсан, 20.00
Sunset Song/Батқан күннің сарыны
Режиссер: Теренс Дэвис
Рөлдерде: Питер Муллан, Агнесс Дейн, Кевин Гатри
Ұлыбритания, Люксембург; 135 мин.
Льюис Гиббонның романы бойынша Ұлыбританияның қазіргі заманғы ең үздік режиссерлерінің бірі Теренс Дэвис түсірген отбасылық дастанның өзегі – фермердің қайсар қызы Крис Гутридің тағдыры. Анасынан ерте айырылған балғын Крис өзінің озбыр әкесінің қатаң бақылауымен қожалықты басқаруға мәжбүр. Сүйіктісін жолықтырған ол тұрмысқа шығады, дүниеге ұл бала әкеледі, бірақ Еуропада басталған Бірінші Дүниежүзілік соғыс оның басына тағы да қиын-қыстау күн тудырады...